16 Мамыр, 2015

Цунами қаупі күшейді

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Индонезияның солтүстік-шығыс өңірінде болған магнитудасы 5,3 балл жер сілкінісінің салдарынан бұл елде жойқын цунами қаупі орын алуда. Бұл туралы Индонезияның ұлттық метеорология, климатология және геофизика басқармасы мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, зілзаланың эпицентрі Халь­махера аралынан солтүстікке қарай 40 шақырым қашықтықта орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 120 шақырым тереңдіктен басталған. Негізінен жер сілкінісі теңіз аумағында болған. Осыған байланысты бұл зілзаладан зардап шеккендер жоққа тән.

Индонезия Тынық мұхи­тының «от сақинасы» деп аталатын өте күшті тектоникалық жарылыс аймағында орналасқан. Сондықтан бұл өңірде жердің тектоникалық қыртыстары белсенді қозғалыста болады. Мамандардың болжамынша, бұл қыртыстардың қозғалысы жыл сайын 7 см. жылдамдықты құрайды екен. Сейсмологтар жыл сайын бұл өңірде магнитудасы 4 балдан жоғары болатын 6-7 мың жер сілкінісін тіркейді. Көп ретте жер сілкінісінің ­зардабынан адамдарға үлкен апат әкелетін цунамилер орын алады.