АСТАНА. 16 мамыр. Діни режиссер Дэвид Линч «Твен Пикс» сериалының жалғасын түсіретінін жариялады. Бұл туралы РИА "Новости" хабарлады.
Режиссер Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына: «Мен көрермендердің ең сүйікті сериалына айналған «Твен Пикс» кинотуындымды қайта қолыма аламын. Яғни, әйгілі сериалдың жалғасын түсіремін»,– деп жазған.
Айта кетейік, бұған дейін Дэвид Линч қаржы тапшылығына байланысты аталған кинотуындының жалғасын түсіруден бас тартқан болатын.
Жалпы, «Твен Пикс» 34 миллион көрермен жинаған әйгілі сериал. Ол экраннан 1990-1991 жылдары көрсетілді. Шым-шытырық оқиғаға толы сериал Твен Пикс қаласындағы кәмелетке толмаған бойжеткеннің құпия өлімі жайында баяндалады. Сондай-ақ, тергеушілердің қырағылығы мен күдіктілерді іздестірудегі тапқырлық әрекеттері сомдалады.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: РИА "Новости".

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Кеше