КӨКШЕТАУ. 21 тамыз. Көкшетаудың «Тойхана» аталатын дәмханасында жақсы бір отырыс болды. Мұнда жесірлерге құрмет көрсетілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бастаманы өзіміз көптен білетін сыйлы ағамыз Ситзия Байманов, Доломит кентінің әкімі болған Жұмабек Жүкенов, осында соңғы күнге дейін жұмыс істеген Жанбатыр Жансейітов көтерген екен. Ситзия аға 1974 жылы құрылып, 1996 жылы тарап кеткен Көкшетау облыстық мал санитарлық отрядын басқарған еді. Бұл мекемедегі 70 маман өңірдің барлық шаруашылықтарына қызмет көрсетті, өңірлік дамуға салмақты үлестерін қосты. Кәсібіне адал жандардың есімі ел аузында әлі күнге құрметпен аталады.
Өмір үрдісіндегі көш керуенде тоқтам жоқ. Тіршілік заңы «санотрядтың» сапын да сирексітіп қалыпты. Бірақ, бірге жүрген күндер ұмытылмақ емес. Әу бастан басталған сыйластықтың ұзағынан болғанына не жетсін.
«Тойханадағы» ерекше жиынға қайтыс болған алты ағамыздың жесірлері жиналды. Оларға ел аузындағы «жетпістің» жігіттері құрақ ұшып қызмет көрсетті. Науан Хазірет атындағы орталық мешіттің найб имамы Серік құран бағыштап, жасы үлкен ветврач Жұмабек Жүкенов бата берді. Қажымұқан Батқаловтың еске алу сөзі жүректерді толқытты.
Төрде отырған апалардың атынан Шаймар Сералин мен Бота Зикеновтің жесірлері Зайра және Күлзия аналар тебіреністі алғыс сезімдерін жеткізді. Онда ұжымдық ынтымақ пен сыйластық, тәрбиелік тартылыс, ұрпаққа өнеге мәселелері кеңінен қамтылды.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономика • Бүгін, 08:40
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Экономика • Бүгін, 08:35
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Үкімет • Бүгін, 08:32
Руханият • Бүгін, 08:30
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25
Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды
Саясат • Бүгін, 08:23
Тұрғындар түйткілін кім шешеді?
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді
Қазақстан • Бүгін, 08:17
Шайдоровтың кілемдегі шынайы бейнесі
Өнер • Бүгін, 08:15
Реформалардың мән-жайын түсіндірді
Саясат • Бүгін, 08:13
Спорт • Бүгін, 08:10