АСТАНА. 18 мамыр. Кеше футболдан Испания ла лигасының 37-туры өтті. Соның нәтижесінде биылғы маусымның чемпионы анықталды. Мадридте жергілікті «Атлетикомен» ойнап, 1:0 есебімен жеңген «Барселона» өз тарихында 23-ші рет Испания чемпионы атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Атлетико» қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы – Лионель Месси. Ойынның 65-минутында мергендігімен көзге түскен Месси командасына чемпиондық атақты алып берді.
Осы кездесуден кейін «Барселонаның» еншісіндегі ұпай 93-ке жетті. Ал екінші орындағы Мадридтің «Реалы» 89 ұпайға ие. Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанын ескерсек, турнир кестесінің көш басында енді өзгеріс болмайтыны түсінікті. Ал «Атлетико» 77 ұпаймен әзірге 3-орында келеді.
«Барселона» соңғы рет 2012-2013 жылғы маусымда Испания чемпионы атанды. Ол кезде команданы марқұм Тито Виланова жаттықтырған еді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: fcbarcelona.com.

Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше