Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Н.Қаппаров Мемлекет басшысына компанияның трансформация бағдарламасы аясында жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады, сондай-ақ, оның жаңартылған даму стратегиясын таныстырды.
Қазақстан Президенті уран өнеркәсібі еліміздегі негізгі салалардың бірі екеніне және әлемдік нарықта елеулі орынға ие болып отырғанына тоқталды.
Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев уран өндірісін тиімді бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне, шетелдік жетекші компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатудың және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.
Н.Қаппаров қазіргі кезде Қазақстан жалпы әлемдік көлемдегі уран өндірісінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Компанияның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ядролық отын жеткізу саласындағы көшбасшылардың біріне айналу болып отыр.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы компанияның жаңартылған даму стратегиясы халықаралық консультанттардың атсалысуымен әзірленгенін, инвестициялық және операциялық қызметтің тиімділігін, сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруды көздейтінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03