Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында А.Дауылбаев Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының қызметі, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен кәсіпкерлерді қорғауды күшейту жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады.
Елбасы президенттік сайлауға әзірлік пен оны өткізу кезеңінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан экономиканы қолдауға бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қадағалауды одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті.
Мемлекет басшысы бизнес субъектілерін заңсыз тексерулердің саны 6 есе қысқарғанына тоқталды және кәсіпкерлер құқығының мүлтіксіз сақталуын бақылауды одан әрі қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті азаматтардың еңбек құқығын, әсіресе, еңбекақы төлемдеріне қатысты құқықты қорғау қажеттігін айтты.
Бас прокурор республиканың барлық өңірінде сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай реестрі іске қосылып, жұмыс істеп жатқаны туралы баяндады. Онда қылмыстық құқық бұзу белгілері бар әрекеттер туралы арыздар мен хабарлар тіркеледі.
А.Дауылбаев, сондай-ақ, бюджетті толтыруға және пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға бағытталған шаралар туралы баяндап, қадағалау қызметінің өзге де өзекті мәселелері туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13