Жастар • Бүгін, 16:28

Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алғаш рет жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылып, жаңа буынмен жұмыс істеуді көздейтін инфрақұрылымды дамыту жалғасады. Осы орайда жаңа орталықтар ашу, жобалардың ауқымын кеңейту, кеңес беру көлемін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады

Сонымен қаланың Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық және Түрксіб аудандарында бес жаңа жастар комьюнити орталығын іске қосу көзделген. Жаңа алаңдар ашылғаннан кейін олардың қаладағы жалпы саны 16-ға жетеді.

Инфрақұрылымды кеңейту нәтижесінде жастарды қамту көрсеткіші 570 мыңнан кемінде 700 мың адамға дейін ұлғаймақ. Комьюнити орталықтар базасында кемінде 3 мың іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық қолдау бағыттары бойынша көрсетілетін кеңес саны 22 мыңнан асады.

Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті

Бұған қоса қалада алғаш рет кемінде жастардың 8 үкіметтік емес ұйымын құрып, дамыту жоспарланып отыр. Олар экологиялық, патриоттық, еріктілік сынды басқа да бағыттарда да жұмыс істеп, комьюнити орталықтардың қолдауымен жобалық командалар ретінде қызмет атқарады. Бұл ұйымдар жастарды қала деңгейіндегі мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

«Инфрақұрылымды дамыту жастарға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттырып, оларды қаланың әлеуметтік, мәдени және білім беру бастамаларына белсенді түрде тартуға бағытталған», дейді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мамандары.

Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Соңғы жаңалықтар