22 Тамыз, 2015

Ақылды ата, аңдамай сөйлеген келін

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мектепті бірге бітірген сыныптас жігіттердің ішінде Амангелдінің тілінің уы бар. Қасындағыларды тілмен түйреп шағып отырмаса, көңілі көншімейтін сияқты болып көрінеді. Бірде үйінде әйелі Гүлпара кез келген нәрсеге «сасық, шірік» деген атау таңып біразға дейін басылмапты. Төрде атасы Шәмшәдин тыңдап жата беріпті. Бір кезде сырттан Амангелді кірген екен, Гүлпара дүрсе қоя беріпті: «Жақындама балаға. Әрі кет, сасығың жұғады. Шірік, албасты», деп аласұрыпты. Баланы айтқан соң, Шәмшәдин ақсақал шыдай алмапты. Төрден басын көтеріп: «Гүлпара-ау, айналайын-ау, келін-ау, қойсайшы енді. Әуелде осыған тиеріңде иіскеп алып барып тимедің бе? Енді бәрі өтіп кетті ғой», депті де орнына қайта жантайыпты. Гүлпара сап тыйылыпты да осы күнге дейін иіс жағын айтпайтын болыпты. Берден МҰҚАНБЕДИЕВ. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Айшуақ ауылы.
Соңғы жаңалықтар