АСТАНА. 18 мамыр. Қытайдың Шанхай қаласында жеңіл атлетикадан «Гауһар лига» жарысының екінші кезеңі өтті. Онда үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы, отандасымыз Ольга Рыпакова қола жүлдегер атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Осы нәтижесімен Ольга келесі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Бұл спортшының 2015 жылдағы алғашқы жарысы. Соған қарамастан, 14,38 метрді бағындырып, үздік үштіктен көрінді.
Жарысты Колумбия спортшысы Катерин Иваргуен жеңді (14,85 м.), Украина сенім артқан Ольга Саладуха күміс жүлдеге қол жеткізді (14,62 м.).
Рыпакова осымен үшінші Олимпиадасына қатыспақ. Бұған дейін 2008 жылы Бейжіңдегі Ойындарда бақ сынаған ол 4-орыннан көрінген болатын. Ал 2012 жылы Лондонда Олимп шыңын бағындырды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: yvision.kz.

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше