АТЫРАУ. 31 наурыз. Атырауда дарынды оқушылардың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Білім бәсекесі екі тур бойынша өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен, Назарбаев зияткерлік мектебінен, О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінен, сонымен бірге, Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 556 оқушы қатысты. Олар Қазақстан тарихы және құқық негіздері, қазақ, орыс тілдері мен әдебиеттері, неміс, француз және ағылшын тілдерінен сайысқа түсті.
Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаеваның мәлім етуінше, биылғы олимпиада тапсырмалары күрделі болған. «Соған қарамастан оқушылар мәтін талдап, аударма жасады. Шығармалар жазды. Сөйтіп, олар өздерінің жоғары білім деңгейін көрсетті» деді Ш.Қирабаева. Сондай-ақ, ол ең үздік деп танылған шығармалар топтамасы арнайы кітапқа енгізілетінін айтты.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Ауыл мектебінің үздік оқушысы-2015» аталымы Батыс Қазақстан облысындағы Теректі лингвистикалық мектебінің 11-сынып оқушысы Ә.Шуақбаевқа берілді. Ал оның ұстазы В.Тоқтарова «Үздік ауыл мұғалімі-2015» атанды. Сондай-ақ, Ақшұқыр мектеп-лицейі (Маңғыстау облысы) «Үздік ауыл мектебі-2015» аталымымен марапатталды. Қостанай облысындағы қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Н.Юртаев «Ең жас қатысушы» атанды. Осы сайыста №25 гимназиясы (Алматы) мен «БЭСТ» (Солтүстік Қазақстан облысы) гимназиясына «Үздік олимпиада мектебі» аталымдары табыс етілді.
Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары үздік үштікті түйіндеді. Ал Батыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының білімді өрендері жүлделі екінші орыннан көрінді. Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан бақ сынаған дарынды оқушылар «Үздік олимпиадалық команда» аталымдарының иегерлері атанды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 31 Наурыз, 2015
Атырауда оқушылардың республикалық олимпиадасы мәреге жетті

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10