Түрколог ғалымның есімін иеленген оқу орнында қыз-келіншектерге деген сүйіспеншілік пен құрмет ерекше рухта, әнмен жеткізілді. Япыр-ай, жүректің лүпілін, оймақтай іңкәр сезімді ән-әуенінен әсерлі өріп бере алатын дүниеде тағы қандай құдіретті күш бар шіркін, дерсің. Сұлулық, көркемдік дегенде жүректің нөсердей төгіліп сала беретін керемет шағын суреттеу әсте мүмкін емес десек, махаббат жырында тіл де, діл де бөлінбейтін біртұтас организмге айналып кететіні қандай ғанибет! Өйткені, ән әлемінде, жалпы өнер атаулыда халық пен халықтың арасына сына қағу, бөле-жару дегендер мүлдем кездеспейді. Ғашықтар сезімін жырлаған бүкіл халықтың рухани құндылығы бәріне бірдей қымбат саналады. Адамзаттың ортақ игілігі ретінде жұмсалып, шөліркеген кеудеге нәр тамызған сондай інжу-маржандарды өз бағдарламасына топтастырып, жүрегінен ән қанатын қалықтатқан әнші Кенжеғали Мыржықбайдың концертінен әсіресе, арулардың жүзі алаулап, ажарлы нұрға бөленіп шықты.
«Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай тақырыпсыз, дайындықсыз көптің алдына шыға салатын әншілер санатынан емес. Оның Абай, Пушкин рухына лайықталған ән кештері әнші деңгейін биікке көтеріп тастаған ірі-ірі жобалар десек, ал жыл құстарының әсем қанатымен көктемде жететін сұлу саздары өз алдына бір бөлек тартулар еді. Башқұрт композиторы З.Исмагиловтің «Көктем әні», М.Глинканың «Жеңімпаз», Биксионың «Жанарың неге жасқанды?», А.Жұбановтың «Қарлығаш», Чиараның «Болеро», Г.Свиридовтың «Маритана», Ә.Молдағаиновтың «Аққуым, ұмытпа мені», Б.Қоқамановтың «Жүрегім жүрегіңде», А. Бабаджанянның «Ноктюрн», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әндеріне қоса оның орындауындағы орыстың ежелгі романстарының өзі басқа бірде-бір дауысты қайталамай, өзіне ғана тән үн бояуымен шырқалды. Анаға, аруға арналған әндер жүректен талмай қанат қақты. Әсемдікті, әдемілікті сүюдің небір керемет үлгілеріне кәусар жырдың алабы тұнып тұр екен-ау...
Қарашаш Әмзеқызы.
Суретте: К.Мыржықбайдың ән кеші.
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03