Облыс орталығындағы ипподромда ұлттық спорт түрлерінен IV облыстық фестиваль өтті. Шара аясында спорттың 12 түрі бойынша жарыстар өткізіліп, облыс орталығы және барлық аудандардан жиналған 500-ден астам спортшы өнер көрсетті. Ипподром маңына Ақтөбе қаласы мен аудандар киіз үйлер әкеліп тікті. Қобда, Қарғалы аудандары киіз үйлерінің іші-сыртын жайнатып қана қоймай, үй маңына қолөнер шеберлері туындыларын, ата-бабаларымыз тұрмыста қолданған бұйымдарды қойыпты.
Сондай-ақ, ол өңірімізде спорт саласын дамыту, материалдық жағынан нығайту мақсатында жасалып жатқан істер туралы айтты. Бір ғана 2013 жылы облысымыздағы спорт ғимараттарының қатары жаңа 47 нысанмен толыққан. Қазіргі уақытта барлық спорт мектептері күрделі жөндеуден өткен. Осының нәтижесінде, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысатын тұрғындар үлесі көрсеткіші жөнінен облысымыз республика бойынша алдыңғы қатардағы бес өңірдің бірі болып отыр. Ал жақын жылдары Ақтөбеде Мұз сарайын, жекпе-жек спорт түрлері бойынша Спорт сарайын салу жоспарланған.
Каратэші Ринат Сағындықов, самбодан ерлер арасында Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы Есет Қуанов, бокстан жасөспірімдер арасында 2015 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Рахат Сейітжан, тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының жеңімпазы Нұрбек Қабиев, шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Арыстанбек Оразаев және басқалары бар.
Сонымен қатар, Ақтөбедегі ұлттық спорт түрлері бойынша спорт мектебі директорының орынбасары Абат Аймағамбетов, Байғанин аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нәсір Қарағұлов, №1 Мәртөк орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сергей Полегоньколар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ат үстінде келе жатып 10 секунд уақыт ішінде жерден бес монетаны іліп әкеткен Әлихан Бәшенбаев теңге ілуден бірінші орынға ие болды. Қыз қууда Наурыз Қайырғалиев пен Ақжан Жалмағамбетова жұбы жеңімпаз атанды. Бес салмақ дәрежесі бойынша отыздан астам адам бақ сынаған аударыспақта ең жоғары салмақта мұғалжарлық Мейрамбек Әлиев жеңіске жетті. Көкпарда Ақтөбе қаласының құрамасы бірінші орынды иемденді. Тоғызқұмалақта ерлер арасында Мәди Ілиясов, ал қыздар арасында Назым Қарағұлқызы бірінші орынға қол жеткізді. Қазақ күресінен Шыңғыс Шоқпытов қарсылас шақ келтірмеді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»,
Индира ӨТЕМІС,
журналист.
Ақтөбе облысы.

Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43