BAL[/caption]
Таяуда Астанада Чернобыль атом электр стансасында болған жарылыстың 30 жылдығына орай оның зардаптарын жоюға қатысқандарды марапаттау рәсімі өткізілді. Апат құрбандарына арналған ескерткіш алдында ұйымдастырылған шара Астана қалалық «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жүзеге асты. Жиын басында қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бірлестіктің төрағасы Қуандық Омарбаевтың айтуынша, бұл – алдағы уақытта кең көлемде аталып өтілетін мерейлі дата шеңберіндегі алғашқы іс-шара.
– Мұндай басқосудың мақсаты – апаттың зиянын халыққа жеткізіп, оның алдын алу, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеп, рухын ояту. Себебі, жарылыстың зардабын жоюға қатысқандардың арасында көзсіз ерліктер жасағандар өте көп. Бүкіл адамзатқа төнген қауіптің бетін қайтарған жандардың сондай әрекеттерін кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз, – дейді Қуандық Мұхаметжанұлы.
Жалпы, «Чернобыль одағы» республикалық заңды тұлғалар қауымдастығының мұрындық болуымен апаттың 30 жылдығына байланысты шаралар еліміздің барлық аймағында өткізіледі. Бұл жөнінде қауымдастық төрағасының орынбасары Марат Жүніс-Бек:
– Қауымдастық БАҚ өкілдері арасында арнайы байқаулар өткізіп, насихат жұмыстарының шеңберін кеңейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ, архивтегі деректермен жұмыс істеп, тың дүниелерді жариялау да жоспарымызда бар. Апат құрбандары мен оның зардаптарын жоюға қатысқандар туралы кең мазмұнды кітап шығарамыз. Қазіргі таңда республикалық қауымдастыққа мүше аймақтардағы 11 қоғамдық бірлестік аталған жұмыстарға дайындықты бастап кетті, – деді.
Шара соңында бір топ чернобыльдік арнайы төсбелгілермен және ордендермен марапатталды.
Айта кетейік, 1986 жылдың 26 сәуірінде сол кездегі КСРО аумағындағы Чернобыль АЭС-інде жарылыс болғаны белгілі. Ол XX ғасырдағы ең ірі техногендік апат ретінде тіркелді. Қауіптің алдын алуға 30 мыңнан астам қазақстандық қатысып, көпшілігі радиация салдарынан әртүрлі дертке шалдықты. Бүгінде олардың 6 мыңға жуығы ғана ортамызда жүр.
Осы апатқа байланысты БҰҰ ТМД елдері басшыларының 26 сәуірді халықаралық радиациялық апат және зілзала құрбандарын еске алу күні деп жариялау туралы шешімін мақұлдады.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТОВ.

UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнирдің барлық жүлделі орындарын иеленді
Байқау • Бүгін, 20:45
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден бес медальға ие болды
Спорт • Бүгін, 20:27
6 млрд теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:44
Елена Рыбакина WTA рейтингінде өз орнын сақтап тұр
Теннис • Бүгін, 19:22
Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет қазақ тілінде қойылады
Мәдениет • Бүгін, 19:00
Бас редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді
Ата заң • Бүгін, 18:40
Мұқағали рухына арналған тағылымды кеш өтті
Поэзия • Бүгін, 18:25
Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:15
Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысының реформалары жалпыұлттық бірлікті талап етеді
Сенат • Бүгін, 17:59
Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:58
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай
Ата заң • Бүгін, 17:48
«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:32
Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды
Құқық • Бүгін, 17:25