Мәжілісте өткен Үкімет сағатында осы мәселе жан-жақты қаралды
Кеше «Оқулықтардың сапасы, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» деген тақырыпта Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Үкімет сағаты өтіп, онда мектептерді оқулықтармен қамтамасыз етудің жайы мен олардың сапасы туралы мәселе жан-жақты талқыға түсті.
– Бүгінгі Үкімет сағаты былтырғы қазан айында мектептерді оқулықтармен уақытында қамтамасыз ету бойынша өткен Үкімет сағатында талқыланған тақырыптың қисынды жалғасы болып табылады. Барлық қоғамды толғандырған осы проблемаға қайта оралу туралы сол кезде келісімге келген болатынбыз, – деді Дариға Нұрсұлтанқызы сол келісімді қаперге салып. Бұл ретте қабылданған шаралар бойынша Үкіметті тыңдау және бұл мәселеге нүкте қою қажеттігін алға тартқан Д.Назарбаева отандық білім берудің бұдан да күрделі, созылмалы проблемасы – оқулықтардың сапасы мен мазмұны ерекше қараларына да назар аудартты.
«Сапаның төмендігі, оқулықтардың оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес еместігі, бір басылымнан бір басылымға көшіп жүретін қателер, түсініксіз сөздер мен нақтылықтың аздығы БАҚ-тарда үнемі талқылануда, ата-аналардың шағымдары естілуде, осының салдарынан, яғни көптеген оқулықтардағы кемшіліктердің кесірінен түлектер ҰБТ-ны тапсыра алмауда», – деп сабақтады сөзін Төрағаның орынбасары. Вице-спикердің пайымынша, олардың мазмұны ғана емес, баспа-полиграфиялық безендірілуі де көңілге қонбайды.
«Алматылық мектеп оқушысы 1-2 сыныптарға арналған жол қозғалысы ережесі бойынша оқулықты оқығаннан кейін Білім және ғылым министрлігін сотқа бергендігі туралы оқыс оқиға бар. Бала өзіне жасалған моральдық шығынды 100 миллион теңгеге бағалаған. Рас, іс ақырына дейін жетпеді, сотта оның мүддесін қорғаған оқушының әкесі шағым-арызын қайтып алды», – деген Д.Назарбаева сөз кезегін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке берді.
2015-2016 оқу жылына дайындалу барысында елімізде баспалармен 1768 келісімшарт жасалғандығын алға тартқан министр қазақстандық оқулықтарда білім берудің заманауи тұжырымдамасына сәйкес келмейтін кемшіліктер барлығын мойындады. Бұл, әсіресе, жаңартылған жалпы білім беруді енгізгенде айқын көрініп отыр. Министрдің айтуынша, енгізілген өзгерістерге сәйкес оқулықтарға жүргізілетін сараптама үш кезеңнен тұратын болады. Атап айтқанда, «Оқулық» орталығында мемлекеттік сараптама және, сонымен бірге, қоғамдық баға; пәндік комиссияның мемлекеттік сараптама нәтижелерін қарастыруы және оқу басылымын Тізбеге енгізу үшін Республикалық комиссияның ұсынысы. Барлық процесті министрлік қадағалайды.
«Оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты тиісті біліктілігі бар авторлар мен сарапшылардың жетіспеушілігі, мектепке арналған оқу әдебиеттері авторлары құрамының қартаюы байқалуда», – деді Аслан Бәкенұлы. Сондықтан да оқу басылымдарының авторлары мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру бойынша оқыту курстарын өткізу ұсынылып отырған көрінеді. Бұл ретте, жетекші шетелдік мамандарды тарту арқылы авторлар мен сарапшылардың біліктілігін арттыру жұмысы басталғандығын жеткізген министр оқулықтарды сараптамадан өткізу бәсекелі ортаға берілгендігін де қаперге сала кетті.
«Бұл саяси және идеологиялық тұрғыда бұрмаланған оқулықтардың оқу процесіне ену қаупін тудырады. Аталған проблеманы шешу үшін оқу әдебиетін сараптамадан өткізудің мемлекеттік монополиясын заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Осы бағытта тиісті жұмыс жүргізілуде. Сіздердің қолдауларыңыз қажет», – деді А.Сәрінжіпов. Сөзінің соңында Білім және ғылым министрі биылғы жылғы 10 тамызға дейін барлық орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілетінін атап көрсетті.
Бұдан кейін қосымша баяндама жасаған палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ықсанова әр пән бойынша біртұтас базалық оқу басылымын әзірлеуге орталықтандырылған мемлекеттік тапсырыс беру өте қажет екендігін айтты. Комитет төрайымы осы орайда отандық оқу басылымдарында ескі бағдарлама бойынша әзірленген материалдар барлығын ескерте келіп, олардың көпшілігінде өндіріске енгізілген заманауи құрал-жабдықтарға қатысты материалдардың жоқтығына қынжылыс білдірді.Есесіне 10 жылдан астам уақыт бұрын өндірістен алынған құрал-жабдықтар туралы материалдар да кездесіп жатады. Сондай-ақ, оқу бағдарламаларына ресейлік авторлар мен баспалардың оқулықтары ұсынылып жатса, қазақ тіліндегі әдебиеттердің жетіспеушілігі 70 пайызға жеткендіктен, оларды ұстаздар өздері интернеттен тауып, аударып алып жатады екен. «Оқулық» орталығы сарапшыларға кітапты саралау үшін 2 ай уақыт берсе, Республикалық комиссия 2-3 күннің ішінде оларды ұсынады немесе қайтарады. Г.Ықсанова министрлік берген ақпаратқа жүгіне отырып, 2014 жылы ұсынылған 2427 атаудың 712-сі кері қайтарылғандығын тілге тиек ете келіп, сапасыз сараптама үшін кімдер жауап береді деген сауалды төтесінен қойды.
Негізгі және қосымша баяндамалар тыңдалғаннан кейін депутаттар бірқатар сұрақтар қойды. Депутат Мұхтар Тінікеев оқулықтардың тілі түсінуге қиын екендігін, сондықтан ата-аналар қосымша репетитор жалдауға тура келерін алға тарта отырып, оқулықтарды шығарып келе жатқан баспаларды атауды және сапасыз басылымдар үшін қанша қаржы кері қайтарып алынғанын сұрады. Министрдің жауабынан белгілі болғандай, қазіргі таңда елімізде 10-12 баспа оқулық шығарумен айналысып келеді екен. Олар өз қаржыларына оқулық авторларын тартып, нұсқасын әзірлегеннен кейін оларды «Оқулық» орталығына сараптамаға жолдайтын көрінеді. Одан өткен оқулықтар Республикалық комиссия қарауына ұсынылары белгілі болды. Қазіргі таңда 16 мыңдай атау ұсыныс тізіміне енгізіліпті. Министр сөз орайы келгенде ұстаздардың 75 пайызы таңдаудың болғанын қалайтындықтарын да айта кетті. Солардың қалауына қарай жергілікті атқарушы органдар оқулықтарды сатып алатынын да жеткізді.
Отырысты қорытындылаған Мәжіліс Төрағасының орынбасары қазіргі кезде әрбір пән бойынша әртүрлі авторлық ұжымдардың мазмұндау стилі бойынша ғана емес, тілі, күрделілігі, материалды иллюстрациялық қамтуы бойынша әртүрлі оқулықтар күрделі проблема болып отырғандығын жеткізді. Бұл оқулықты жазуға (дайындауға) бірыңғай стандарттардың (талаптардың), сараптама жасауда белгілі бір өлшем-критерийлердің болмауына байланысты екендігі де аталды. «Қазіргі жағдайда барлық талаптарға сәйкес келетін базалық оқулықтар дайындау мүмкін емес. Сондықтан «Оқулық» орталығы, Білім академиясы секілді құрылымдарды ресурстық күшейту бойынша шаралар қабылдау қажет», – деді Дариға Нұрсұлтанқызы.
Оқулықтарды «қайта шығару» мен «қосымша көбейту» түсінігін шектеу қажеттігі де алға тартылды. Сондай-ақ, Бірыңғай ұлттық тестілеу сұрақтарын тест жүргізілетін пән бойынша базалық (бірыңғай) оқулыққа сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдау қажеттігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, бекітілген типтік оқу бағдарламаларын қателер, дәлсіздіктер, жеке тақырыптарды дәл түсіндірудің мақсатқа сәйкестілігін анықтау тұрғысында қосымша сараптама жүргізу ұсынылса, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасы жөніндегі жағдайға шолу бойынша материалдарға жүйелі талдама жүргізу қажеттігі де назардан тыс қалған жоқ.Соңында оқулықтарда табылған барлық кемшіліктерді, түсініксіз сөздер мен қателерді 2015-2016 оқу жылы басталғанша жою мәселесі өте өткір қойылды.
Нәтижесінде Үкімет сағатында депутаттар көтерген мәселелер мен ұсыныстар және ескертпелер министрліктің іс жүзіндегі жұмысында басты назарға алынарына сенім білдірілді. Сондай-ақ, отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар жобасы дайындалды.
2015-2016 оқу жылына дайындалу барысында елімізде баспалармен 1768 келісімшарт жасалғандығын алға тартқан министр қазақстандық оқулықтарда білім берудің заманауи тұжырымдамасына сәйкес келмейтін кемшіліктер барлығын мойындады. Бұл, әсіресе, жаңартылған жалпы білім беруді енгізгенде айқын көрініп отыр. Министрдің айтуынша, енгізілген өзгерістерге сәйкес оқулықтарға жүргізілетін сараптама үш кезеңнен тұратын болады. Атап айтқанда, «Оқулық» орталығында мемлекеттік сараптама және, сонымен бірге, қоғамдық баға; пәндік комиссияның мемлекеттік сараптама нәтижелерін қарастыруы және оқу басылымын Тізбеге енгізу үшін Республикалық комиссияның ұсынысы. Барлық процесті министрлік қадағалайды. «Оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты тиісті біліктілігі бар авторлар мен сарапшылардың жетіспеушілігі, мектепке арналған оқу әдебиеттері авторлары құрамының қартаюы байқалуда», – деді Аслан Бәкенұлы. Сондықтан да оқу басылымдарының авторлары мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру бойынша оқыту курстарын өткізу ұсынылып отырған көрінеді. Бұл ретте, жетекші шетелдік мамандарды тарту арқылы авторлар мен сарапшылардың біліктілігін арттыру жұмысы басталғандығын жеткізген министр оқулықтарды сараптамадан өткізу бәсекелі ортаға берілгендігін де қаперге сала кетті. «Бұл саяси және идеологиялық тұрғыда бұрмаланған оқулықтардың оқу процесіне ену қаупін тудырады. Аталған проблеманы шешу үшін оқу әдебиетін сараптамадан өткізудің мемлекеттік монополиясын заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Осы бағытта тиісті жұмыс жүргізілуде. Сіздердің қолдауларыңыз қажет», – деді А.Сәрінжіпов. Сөзінің соңында Білім және ғылым министрі биылғы жылғы 10 тамызға дейін барлық орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілетінін атап көрсетті. Бұдан кейін қосымша баяндама жасаған палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ықсанова әр пән бойынша біртұтас базалық оқу басылымын әзірлеуге орталықтандырылған мемлекеттік тапсырыс беру өте қажет екендігін айтты. Комитет төрайымы осы орайда отандық оқу басылымдарында ескі бағдарлама бойынша әзірленген материалдар барлығын ескерте келіп, олардың көпшілігінде өндіріске енгізілген заманауи құрал-жабдықтарға қатысты материалдардың жоқтығына қынжылыс білдірді.Есесіне 10 жылдан астам уақыт бұрын өндірістен алынған құрал-жабдықтар туралы материалдар да кездесіп жатады. Сондай-ақ, оқу бағдарламаларына ресейлік авторлар мен баспалардың оқулықтары ұсынылып жатса, қазақ тіліндегі әдебиеттердің жетіспеушілігі 70 пайызға жеткендіктен, оларды ұстаздар өздері интернеттен тауып, аударып алып жатады екен. «Оқулық» орталығы сарапшыларға кітапты саралау үшін 2 ай уақыт берсе, Республикалық комиссия 2-3 күннің ішінде оларды ұсынады немесе қайтарады. Г.Ықсанова министрлік берген ақпаратқа жүгіне отырып, 2014 жылы ұсынылған 2427 атаудың 712-сі кері қайтарылғандығын тілге тиек ете келіп, сапасыз сараптама үшін кімдер жауап береді деген сауалды төтесінен қойды. Негізгі және қосымша баяндамалар тыңдалғаннан кейін депутаттар бірқатар сұрақтар қойды. Депутат Мұхтар Тінікеев оқулықтардың тілі түсінуге қиын екендігін, сондықтан ата-аналар қосымша репетитор жалдауға тура келерін алға тарта отырып, оқулықтарды шығарып келе жатқан баспаларды атауды және сапасыз басылымдар үшін қанша қаржы кері қайтарып алынғанын сұрады. Министрдің жауабынан белгілі болғандай, қазіргі таңда елімізде 10-12 баспа оқулық шығарумен айналысып келеді екен. Олар өз қаржыларына оқулық авторларын тартып, нұсқасын әзірлегеннен кейін оларды «Оқулық» орталығына сараптамаға жолдайтын көрінеді. Одан өткен оқулықтар Республикалық комиссия қарауына ұсынылары белгілі болды. Қазіргі таңда 16 мыңдай атау ұсыныс тізіміне енгізіліпті. Министр сөз орайы келгенде ұстаздардың 75 пайызы таңдаудың болғанын қалайтындықтарын да айта кетті. Солардың қалауына қарай жергілікті атқарушы органдар оқулықтарды сатып алатынын да жеткізді. Отырысты қорытындылаған Мәжіліс Төрағасының орынбасары қазіргі кезде әрбір пән бойынша әртүрлі авторлық ұжымдардың мазмұндау стилі бойынша ғана емес, тілі, күрделілігі, материалды иллюстрациялық қамтуы бойынша әртүрлі оқулықтар күрделі проблема болып отырғандығын жеткізді. Бұл оқулықты жазуға (дайындауға) бірыңғай стандарттардың (талаптардың), сараптама жасауда белгілі бір өлшем-критерийлердің болмауына байланысты екендігі де аталды. «Қазіргі жағдайда барлық талаптарға сәйкес келетін базалық оқулықтар дайындау мүмкін емес. Сондықтан «Оқулық» орталығы, Білім академиясы секілді құрылымдарды ресурстық күшейту бойынша шаралар қабылдау қажет», – деді Дариға Нұрсұлтанқызы. Оқулықтарды «қайта шығару» мен «қосымша көбейту» түсінігін шектеу қажеттігі де алға тартылды. Сондай-ақ, Бірыңғай ұлттық тестілеу сұрақтарын тест жүргізілетін пән бойынша базалық (бірыңғай) оқулыққа сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдау қажеттігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, бекітілген типтік оқу бағдарламаларын қателер, дәлсіздіктер, жеке тақырыптарды дәл түсіндірудің мақсатқа сәйкестілігін анықтау тұрғысында қосымша сараптама жүргізу ұсынылса, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасы жөніндегі жағдайға шолу бойынша материалдарға жүйелі талдама жүргізу қажеттігі де назардан тыс қалған жоқ.Соңында оқулықтарда табылған барлық кемшіліктерді, түсініксіз сөздер мен қателерді 2015-2016 оқу жылы басталғанша жою мәселесі өте өткір қойылды. Нәтижесінде Үкімет сағатында депутаттар көтерген мәселелер мен ұсыныстар және ескертпелер министрліктің іс жүзіндегі жұмысында басты назарға алынарына сенім білдірілді. Сондай-ақ, отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар жобасы дайындалды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».