19 Мамыр, 2015

Ұсыныстар әзірленді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалық етуімен Мемлекет басшысы жариялаған заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы институттық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс қорытындысында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын Мемлекет басшысының судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмалары мен нұсқауларын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.