Е.Бабақұмаров бастаған Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің делегациясы Будапеште сапармен болды.
«Хунгари туризм» мемлекеттік компаниясы басшыларымен өткен кездесу барысында мажар мамандары ұлттық брендтерді шетелдерге таныту бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Мажарстан Премьер-министрі кеңсесінің стратегиялық әріптесі болып табылатын «Сазадвег» сараптамалық орталығында ақпараттық-сараптама саласындағы ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды. Мажарстан Үкіметі Коммуникациялық орталығының басшысы, мемлекеттік хатшы, Мажарстан Премьер-министрінің баспасөз хатшысы Золтан Ковачпен 2010-2014 жылдары Премьер-министр В.Орбан өткізген Мажарстан мемлекеттік қызметінің реформалары барысындағы коммуникациялық стратегия тәжірибесі талқыланды.
Сонымен қатар, Е.Бабақұмаровтың Мажарстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Чаба Балогпен өткен кездесуі барысында Мажарстанның «Шығысқа ашылу» сыртқы саяси стратегиясының ерекшеліктері талқыланды.
«Егемен-ақпарат».