Инновациялық кластерлерді дамыту мен қалыптастыру барысында шетелдік инвестицияларды тарту және сыртқы экономикалық біріктіруді жандандырудың тиімді тетігі жатыр. Осы мақсатта елімізде көптеген жобалар қолға алынып, бірқатар міндеттер атқарылуда.
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған саланың қазіргі таңдағы ахуалы жөнінде хабардар етілді. БАҚ өкілдерімен кездесуге келген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ілияс Жанғаскин мен «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлтайыр Уызбаев Астанада инновациялық кластерді дамыту тақырыбын тарқата айтты. АЭА аумағына Астананың екі индустриялық паркі кіреді. Индустриялық парктер – бұл жеңілдікті салық және кеден режімі белгіленген жаңа өнеркәсіптік аймақтар. Инвесторлар корпоративтік және табыс салығынан, мерзімі 10 жылға дейін учаскені жалға алу төлемақысынан, жер салығынан, мүлікке салынатын салықтан босатылды, деді Ілияс Жанғаскин өз сөзінде. Ал бұл тұрғыда едәуір салықтық жеңілдіктер инвестицияларды тарту мен өндірістерді қосу үшін АЭА аймағын және индустриялық парктерді тартымды ететіндігін айтты. Сондай-ақ, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында 2002 жылмен салыстырғанда биыл тартылған инвестициялар көлемі екі триллионнан аса теңгені құрады, ал 2010 жылы барлығы 393,5 млрд.теңге сомасына өнім шығарылды, деп атап өтті І.Жанғаскин. Келесі кезекте сөз алған Әлтайыр Уызбаев 2013 жылы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке және Астана әкімдігіне 2017 жылы Астана қаласын әлемнің 50 «ақылды» қалаларының рейтингіне көтеру мәселесін тапсырғанын айта келе, осының аясында бірқатар мәліметтермен таныстырды. Сонымен қатар, «Астана Innovations» компаниясының қызметі негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейтіндігін алға тартты. Олардың қатарына инновациялық стартаптарды қолдау, «Smart Astana» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ, Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесін дамыту жатады, деді Ә.Уызбаев. Аталмыш үш бағытқа жеке-дара тоқталып өткен ол, бірінші бағыт бойынша стартап-компанияларға оларды дамытудың бастапқы кезеңінде қаржылық және кеңес беру қызметтері көрсетілетіндігін айтты. Ал, келесі бағыт аясында елорда өміріне инновациялық Smart технологияларын ендіру қызметі тұрғандығын жеткізген Ә.Уызбаев осы бағдарлама шеңберінде Smart ЕРЦ, Smart мектеп, Smart емхана, Smart көлік, Smart автотұрақ, Smart ТКШ және Smart жарықтандыру сияқты жобаларды іске асыру жүргізілетіндігін айтты. Сондай-ақ, компания қызметінің үшінші бағыты Астана қаласының «Тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» бағдарламасын іске асыру болып табылатындығын жеткізді. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05