19 Мамыр, 2015

Теңіздегі жаттығу кемелеріміздің әскери мүмкіндігін сынап көрді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әскери те­ңізшілер «Қазақстан», «Орал», және «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемелерінің жау­ынгерлік мүмкіндіктерін сынады. Соның аясында Каспий теңізінде ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің ауқымды жаттығуы өтті.

Артиллериялық кемелер су үс­тінен әуеге бағытталған жә­не су асты миналарын залал­сыздандыру жаттығуларын сынады. Жинақылыққа ерекше көңіл бөлген Экипаж мүше­лері жаттығуларды жоғарғы дәлдікпен орындады. Дәл осындай тапсырмаларды әскери теңізшілер биыл жазда өте­тін «Каспий теңізі-2015» бай­қауында қай­талайтын болады.

Аталған жарыста біздің әс­кери қызметшілеріміздің нағыз қарсыласы Түркіменстан, Ресей және Әзербайжан теңіз жаяу әскерлерінің үздік теңізшілері мен бөлімшелері болмақ. Осыны ескере отырып, қазақстандық әскери кемелердің экипаждары мен теңіз жаяу әскерлерінің бөлімшелері теңіз биатлонының барлық бағыттарында белсенді даярлық өткізуде.

Бүгінгі күні олар теңіз жа­ғасында және су жолындағы қауіптер арқылы жүзуді, кемедегі якорды 30-40 метр тереңдікте орнату, МСС-65 халықаралық жиын дабылына сәйкес жарық және жалау арқылы белгі беру және қабылдау, сондай-ақ, борт­та қалып қойған адамды құтқару бойынша шараларды пысықтады.

«Егемен-ақпарат».