«Қазмедиа орталығында» Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның ұйымдастыруымен «Сайлауға байқау жүргізудің амалдары мен әдістері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Аталған семинар-тренинг сайлауға қоғамдық бақылау жүргізу үдерісіне дайындық шеңберінде байқаушыларға арналып өткізілді. Шараның басты мақсаты – Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның миссиясы мен міндеттерін түсіндіріп, байқау үдерісін жетілдіру. Сондықтан, семинар барысында сайлау науқанындағы байқаушылардың негізгі рөлі, байқау жүргізу барысында ақпараттық технологияларды пайдалану сынды мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, сайлау өткізудің халықаралық стандарттарына назар аударылып, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның қызметінің 2011 және 2012 жылдардағы сайлау науқандарындағы тәжірибесіне талдау жасалды.
Мәселен, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі Владимир Тельновтың айтуынша, бұл семинардың маңызы зор. «Осындай тренингтер еліміздің барлық аймағында өткізілетін болады. Ол семинарларда байқаушыларға қойылатын негізгі талап-міндеттер мен құқықтар айқындалып, жауапкершіліктер белгіленеді. Біз әрбір сайлау учаскесінде байқаушылардың болуын қадағалаймыз. Жалпы алғанда, байқаушыдан азаматтық қоғам мен мемлекеттің ара-қатынасы көрінеді. Себебі, биліктің қайнар көзі – халық. Қоғам бұл сайлаудың дұрыс өтетініне сенімді болуы тиіс. Әрбір сайлаушы Конституция мен «Сайлау туралы» Заңдағы ережелер мен нормаларды сақтауы тиіс», – деді В. Тельнов өз сөзінде.
Сондай-ақ, ол байқаушылар ретінде көбіне беделді адамдар таңдалатынын, себебі, бұл қоғам өміріндегі айтулы оқиға екенін атап өтті. «Байқаушы сайлау үдерісіне бөгет жасамауы керек. Барлық үдерістің заңнамаларға сәйкес жүргізілуін қадағалап отыруы тиіс. Кейде сайлау үдерісінің талаптарына қайшы келетін жағдайлар болуы мүмкін. Мәселен, бір әйелдің күйеуі келіп, «Кешіріңіздер, менің зайыбым баламен отыр, мен соның орнына дауыс берейін», деуі мүмкін ғой. Бірақ, осының өзі заң бұзушылық болып саналады. Демек, мұндай жағдайды байқаушы заң бұзушылық ретінде тіркеп отыруы тиіс. Осы тектес мысалдар кездесіп жатады. Алайда, біздің негізгі міндетіміз – қателіктерді тіркеу ғана емес, олардың алдын алу. Бұл орайда, осындай семинар-тренингтердің рөлі орасан», – деді ол.
Ал аталған комиссияның тағы бір мүшесі Талант Рамазанов Қазақстанда бұған дейін де көптеген сайлау үдерісі болғанын, сондықтан, елімізде сайлау үдерістері институты және сайлауды байқау жөніндегі институт дамып келе жатқанын атап өтті. «Мәселен, 2005 жылы құрылған Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия осымен төртінші мәрте саяси науқанға қатысып отыр. Бірнеше жыл өткеннен кейін комиссия өз аяғынан нық тұрып, тәжірибесін молайта түседі деп ойлаймын», – деді ол өз сөзінде. Осылай дей келе, ол саяси науқан барысында кездесетін түрлі қарама-қайшы үдерістерге, кедергілерге, әкімшілік заң бұзушылықтарға жан-жақты тоқталып, олардың алдын алудың жолдарын айтып берді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10