Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Онда әркім өзін толғандырған мәселелерді ортаға салды.
Алдымен Шынар Ғаббасова ұсыныспен жүгінді. Ол өзінің жұбайы, бірінші топтағы мүгедек екенін айтып, бес адам аядай бір бөлмелі пәтерде қысылып-қымтырылып тұрып жатқандарын жеткізді. Бірақ, ол пәтер сұрап келмегенін тілге тиек етті. Себебі, осыған дейін қалалық әкімдікте болып, тұрғын үй алудың жағдайымен де танысады. Заң бәріне ортақ. Ешкімге кезекті аттатып пәтер кілтін қолына ұстата қоймайды. Сондықтан ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгертулер енгізілсе деген ұсынысын ала келіпті. Мұндағы ойы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтағы тұрғындарға жергілікті атқарушы органдар жекелеген тізімдер жүргізсе деген тілек.
Сергей Дьяченко бұл мәселеге заң қабылдау кезінде баса назар аударылатынын айтты. Ол көптің ортақ пікірімен шешілетін мәселе, деді.
Щучье қаласының тұрғыны Александр Бойконың талай шекпендінің табалдырығын тоздырып жүргеніне де бірсыдырғы уақыт болыпты. Өзі еліміздің еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы екен. А.Бойко жұмыссыздар санын қысқартуда Бурабай курортты аймағында туризм және бұқаралық демалыс индустриясын дамыту қажеттігін айтады. Осының ішінде «Щучинский» санаториясын құрылымдық өзгерістерге түсіру жөнінде кәсіподақтардың республикалық федерециясына жолдаған жазбаша шағымы оның жұмыстан босатылуына негіз болған көрінеді.
Ал Алла Мишина еліміздің солтүстік өңірлерінде бұрынғы кеңес заманындағыдай жалақыға 15 пайыздық үстемеақы берілсе дейді. Өйткені, біздің жақтың табиғаты да қатал, қысы да ұзақ.
Парламент өкілі бұл ұсынысты да назарға алатынын жеткізді.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары қазіргі таңда бюджет қаражатын мейлінше тиімді жұмсауға бағыт ұсталғанын айта келіп, Парламент талқылауындағы заңдық актілер жөнінде хабардар етті.
Вице-спикермен бірге қоғамдық қабылдауға Парламент Сенатының депутаты Рашит Әкімов қатысып, сайлаушылар сұрақтарына жауап қайтарды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Жамбылда байқауды робот жүргізді: Жаңа формат көрерменді таңғалдырды
Технология • Бүгін, 11:59
Қазақстан Тәжікстанға бидай экспортын 1,3 миллион тоннаға дейін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 11:44
Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Қазақстанда инсульттен болатын өлім-жітім 4%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 11:25
Шаруаларға сиыр етінің бағасын 3275 теңгеден асырмау міндеттелді
Экономика • Бүгін, 11:13
Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22