Туған еліміздің, ұлы Отанымыздың тарихында алтын әріптермен жазылар шуақты күннің бірі – 30 тамыз. Осы күні Қазақстан Республикасының Ата Заңы өмірге келді. 16 желтоқсанда қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, іргелі жұрт екенін танытса, 30 тамызда тәуелсіздігімізді заңмен қорғайтын Ата Заңымыз дүниеге келді. Еліміз үшін тәуелсіздік күні қаншалықты құрметті болса, бұл күн де соншалықты ардақты. Ал биылғы жылы бұл күн екі есе нұрлы, екі есе шуақты. Себебі, биылғы жылы Ата Заңымызға тура жиырма жыл. Қасым ханның қасқа жолының, Есім ханның ескі жолының, әз Тәукенің «Жеті Жарғысының» мұрагері – тәуелсіз елдің Ата Заңына 20 жыл толды. Осыдан 20 жыл бұрын бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, өз Ата Заңын таңдап алған болатын. Міне, осы Ата Заңымыз 20 жыл елімізге қалтқысыз қызмет етіп келеді. Ата Заңымыз – сәулетті өмірдің кепілі. Бұған әрбір Қазақстандық сенеді.
Ғасырлар тоғысында Мәңгілік Ел – Қазақстанның Ата Заңы өмірге келді. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болмағына Ата Заңымыздың қосар үлесі зор, қосқан дүниесі де мол. Тәуелсіздігіміздің 24 жылына аяқ басқан ортақ Отанымыз Қазақстанның гүлденуі жолында Ата Заң бағыт беруші темірқазық іспеттес.
Ата Заң – мемлекеттің құқықтық жүйесінің мәйегі, қайнар бұлағы. Себебі өзге заң Ата Заң негізінде ғана жүзеге асырылады. Конституциямызда күнделікті күйбең тіршілікте қолданылатын дүниелерден бастап, мемлекеттің саяси стратегиясына дейін толық қозғалған. Біздің Ата Заңымыздың басты нысаны – адам өмірі және адам құқықтары. «Мемлекеттің басты байлығы – адам» деген ұранды алған алты Алаштың құқығын қорғап, адамзаттың мүддесін мақсат тұтқан Ата Заңымыз – сәулетті өмірдің кепілі. Бұған әрбір Қазақстандық сенеді.
Азат еліміздің айбарлы ар-намысының қорғаушысы әрі қолдаушысы – Ата Заң. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да, біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу» деп атап айтқан болатын. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің, мерейлі мемлекеттігіміздің кепілі – айбарлы Ата Заңымыз.
Біздің Ата Заңымызда адам құқықтары толықтай қорғалған. Бұл Ата Заңымыздың ІІ бөлімінде толықтай айтылған. Осы бөлімнің 12-бабында «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айырыла алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады», деп жазылған.
Қазіргідей зымырап аққан жұлдыздай жедел дамыған заманда жаһандық даму көшінен қалыспай, дамудың даңғыл жолына түскен болсақ, бұл да Ата Заңымыздың саламатты өмір кепілі екендігінің дәлелі.
Ата Заңымызды қабылдар алдында «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, қазіргі және болашақ Конституцияны қабылдаймыз» деген ұлы мақсат қойған болатын. Қазақстан халқы сол ұлы мақсатына қол жеткізе білді.
Бақытжан ОТАРБАЕВА,
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
журналистика факультетінің
студенті.

Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04