19 Мамыр, 2015

Шығыс Қазақстанда университет ректоры тағайындалды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SONY DSCӨСКЕМЕН. 19 мамыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің бұйрығымен Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жасұлан Құдайбергенұлы биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылымдар академиясының академигі. Жоғарғы оқу орнының ұжымына жаңа ректорды министрліктің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов таныстырды. Жасұлан Шаймерденов Павлодар педагогикалық институтының проректоры, Павлодар мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, аталған министрліктің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің директоры және жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық департаментінің директоры болып еңбек етті. Университет ұжымымен танысу сәтінде жаңа ректор аталған оқу орнына жүктелген стратегиялық міндеттерді орындауға, білім беру сапасын көтеруге, индустриялық-инновациялық даму жобаларын енгізуге және ел экономикасына қызмет ететін білікті мамандар даярлауға әзір екенін жеткізді. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар