Республикалық диагностикалық орталығында «Нұр Отан» партиясы «Бақытты балалық шақ» жобасының аясында партияның осындағы филиалы «Балаларды мектепке дайындайық» акциясын өткізді.
Оны Ұлттық медициналық холдингтегі партияның филиалы еншілес ұйымдардың кәсіподақ комитеттерінің қолдауымен ұйымдастырған. Акцияның мақсаты – өз қызметкерлері арасындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балаларының мектеп жарақтарын, оқулықтар алуы үшін материалдық көмек беруге саяды.
Осы күні холдингтің еншілес кәсіпорындарындағы 125 қызметкердің балалары жаңа оқу жылына қажетті жарақтар және ақшалай сертификат алуға қол жеткізді. Оларды холдинг пен оның құрамындағы бөлімшелердің бастықтары табыс етті. «Нұр Отан» партиясы филиалының холдингтегі филиалы төрағасының орынбасары Мария Өтебаева жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Осындай акциялардың 2010 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
Біз өз қызметкерлеріміздің балаларын қолдауға, олардың қиналғандарына әрқашан да қолұшын беруге әзірміз. Балалардың жарқын жүздерін, қуанышты күлкілерін көрудің өзі бізді қуантады», – деді ол. Сонымен бірге, ол жиналғандарды Ата Заңның 20 жылдық мерейтойымен де құттықтады. Ал холдинг басқармасының төр-
ағасы Нұржан Отарбаев бүлдіршіндерге жолдарың ақ болсын, денсаулықтарың мықты болсын деген тілек айтты. Ата-аналар атынан сөз алған холдинг қызметкері, нейрохирургия бөлімінің шаруашылық жөніндегі медбикесі Раушан Кәрімова өздеріне жасалған қамқорлықтары үшін холдинг басшылары мен «Нұр Отан» партиясы филиалына алғысын білдірді.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12