ПЕТРОПАВЛ. 19 мамыр. Облыс орталығында «Болашақ қуаты – Қазақстанның қолында» атты аймақтық форумы аясында «Робо-ЭКСПО» роботты техника сайысы өтіп, оған Астана, Қостанай, Тараз, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл қалаларынан 11 команда қатысты. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары хабарлады.
Форум «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналып, екі бөлім, тоғыз деңгей бойынша өткізілді. Жас өнертапқыштар әр аталым бойынша өздерінің біліктіліктері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Бірінші бөлімде өз туындыларын бұзып, қайта құрастырудан сайысса, екінші бөлімде олардың жылдам басып, сөре сызығына жетулерінен бақ сынады.
«Роботты техника қазақстандық ІТ технология саласындағы технологиялық дамудың басым бағыттарының бірі және келешегі өте зор.бар. Бұл сала қазір үлкен сұранысқа ие. Роботты техникаға деген оқушылардың белсенділігі маған керемет әсер етті. Оларды жастайынан осылай дағдыландырып, шынықтырса, ертең өндіріске талай жаңалықтарды енгізеріне дау жоқ», дейді халықаралық деңгейдегі роботты техника бапкері Пет Найду. Ол Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істейді. Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде робот техникасымен айналысқан. Енді бұл саланы Қазақстанда дамытуға өз үлесін қосып келеді.
«Robo Expo» фестивалінің жеңімпаздары қыркүйекте өтетін республикалық конкурсқа жолдама алды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы.
Сурет: egemen.kz
• 19 Мамыр, 2015
Петропавлда жас робот құрастырушылардың сайысы өтті

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше