19 Мамыр, 2015

Қостанай облысында қырылған киіктің саны он мыңға жетті

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.05.2015 QosҚОСТАНАЙ. 19 мамыр. Қостанай облысының оңтүстік аудандарында орналасқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватындағы өлген киіктердің саны 10 мыңға жуықтады, дәлірек айтсақ, 9865 киіктің өлексесі жойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 19.05.2015 Qos-1Қостанай облысының оңтүстігіндегі Амангелді ауданының Жолаба және Қайсар қыстақтары арасында киіктің өле бастағанын «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері 11 мамыр күні байқаған болатын. Олар сол күні 117 киіктің өлексесін теріп алып, жойған еді. Сол күннен бастап киік жаппай қырылды.  13 мамыр күні мыңқаралы киік қырылса, аптаның аяғында оның саны 550-дей, ал мамырдың 19 күні оқиғаның басында жүрген мамандар 10 мыңға жуық киік өлексесін жойғанын хабарлаған. Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Нұрқан Сәрсенов» «Алтын дала» резерватының киік қырылып жатқан жерінде жүрген біздің мамандармен ешқандай байланысқа шыға алмаймыз, мүмкіндік жоқ. Тек Амангелді ауданының орталығында орналасқан «Алтын дала» резеватының кеңсесіне күнде оқиға орнынан бір адам келіп, мәліметті тастайды да қайтып кетеді. Біз барлық мәліметтерді солардан алып отырмыз», деді. Амангелді ауданы басшыларының барлығы да оқиға болған жерде. Ешкіммен хабарласып, жергілікті жағдайды білуге мүмкіндік болмады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz