19 Мамыр, 2015

Жат жерге жерленген қазақ жауынгеріне туған жердің топырағы бұйырды (фото)

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-05-2015-qazaly 05АСТАНА. 19 мамыр. Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысында қаза тауып, жат жерге жерленген Нұраддин Бейсеновтің зиратына туған жерінен бір уыс топырақ бұйырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Нұраддин Бейсенов 1941 жылы соғысқа аттанған. Шайқас даласынан оралмаған ол содан бері хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің қатарынан саналып келді. Арада 70 жыл өткенде ұрпақтары аталары туралы дерекке қол жеткізіп, жауынгердің Бельгияның Генк қаласында жерленгенін анықтады. Соған орай, туған жерінен бір уыс топырақ аталған зират басына жеткізілді. Ал ол жақтан бір уыс топырақ Қазалыға әкелінді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz. 19-05-2015-qazaly 02 19-05-2015-qazaly 03 19-05-2015-qazaly 01 19-05-2015-qazaly 04