КӨКШЕТАУ. 25 тамыз. Облыс әкімі, арнайы штаб төрағасы Сергей Кулагин жұмыс кеңесін өткізіп, тиісті қызметтер басшылары мен аудан, қала әкімдерінің алдына бағаның негізсіз көтерілуіне жол берілмеуі жөнінде шұғыл міндеттер қойды.
Ол өз сөзінде Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының әлемдік дағдарыстың алдын алу, экономиканың тұрақтылығын сақтап, халықтың тұрмыс деңгейін бірқалыпты ұстауға бағытталған қажетті шара екендігін атап көрсетті. Теңгенің еркін жіберілуіне байланысты бастапқы кезде бағаның негізсіз өсірілуіне ұмтылыстардың болуы мүмкін. Тиісті ведомстволар мен мемлекеттік органдар алғашқы сәттен бастап бұл мәселені өз бақылауларында ұстап, сауда орындарында бағаның көтерілуіне жол бермеулері керек.
Құрамына түрлі ұйымдар мен мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері кіретін штаб сағат сайын және күнбе-күн азық-түлік бағалары мен басқа да тауарлардың бағасына мониторинг жүргізіп отырады. Осындай штабтар барлық аудандар мен қалаларда да құрылып, жергілікті жерлерден баға жөніндегі бүкіл ақпарат облыстық штабқа келіп түседі. Мұнда Сall-орталықтары құрылып, сенім телефондары орнатылған. Бағаның негізсіз көтерілуіне жол берілген жағдайларда бірден тексеріс жүргізіледі.
Облыста баға тұрақтылығын сақтау үшін жалпы құны 25 миллиард теңгеге пара-пар азық-түлік өнімдерінің қоры жасалды. Бұл жұмыс одан әрі де өз жалғасын таба түсуде. Әзір халық абыржитындай негіз жоқ.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40