Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Көпэтностылық – проблема емес, керісінше, ол – біздің стратегиялық ресурсымыз», деп нақтылағаны мәлім. Осы орайда, ұлттық ұлағаттан бастау алатын жайдан ой қозғасам, білім жолында сан жұрттың өкілі тоғысып, өзара түсінісіп, дос болып кетеді екен. Мысалға, біз еңбек ететін Алматы облыстық Қ.Байсейітов атындағы музыка колледжі білімгерлерінің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру формалары, психологиялық ерекшеліктері, аспектілері, компоненттері танымдық белсенділіктерін ашу арқылы көрінеді. Әсілі, кез келген ұлт зиялыларының тұла бойында тұнып тұратын адами құндылықтары ұқсас болатыны бар ғой. Жақсы қасиет бір ұлт өкілінде ерекше дамыса, тағы бірінің бойынан әдемі әдетті байқаймыз.
Бүгінгі қоғамға жұмысын еркін меңгеріп, кеңінен ойлайтын, алдына қойған мақсатына жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен шыңдай алатын кәсіби маман керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі өзін өзі тәрбиелеу, жетілдіру үдерісі жатады. Грек философы Сократ өзі оқыту процесіндегі оқып үйренушілердің танымдық белсенділік пен өзіндік жұмысқа педагогикалық басшылық жасаудың қаншалық маңызды екендігін ерекше атап кеткен. Сократтың ұсынған білім беру әдісі студенттермен даму үдерісіндегі шынайылықты, өз бетінше табуды, нақтылауды, түсініктерді жетілдіруді талап етеді.
Колледжде өзіндік жұмысты ұйымдастыру психологиялық-педагогикалық, өндірістік тәжірибе және бақылау жұмыстары болып табылады. Әдістемелік тұрғыдан білімгердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үшін аудиториядағы және одан тыс өзіндік жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе, елдің көркі, ұлттың әрі саналатын қыз тәрбиесін біз алға шығарып отырмыз.
Білім ұясындағы ұластық нәзік жандылардың бойына ізет пен инабатты дарыту, жат қылықтардан сақтандыру – бәрі де әркез назарда. Бүгінгідей жаһандану заманында «Қызға қырық үйден, қала берсе қара күңнен тыйым», деп отбасынан бастап әр білім мекемесі жете мән бермесе болмайды. Біздің колледж бұл іске жете көңіл аударады.
Мұндай елдік істе өзіндік жұмысты орындауда білімгердің әртүрлі тәсілдер қолдана алуы, біліктілігі, іс-әрекетте дидактикалық қабілеті, мотивациялық-құндылылық – қай-қайсысы да жұмыс нәтижесімен өлшенеді. Кәсіпке баули отырып, тәрбие мазмұнын түсіну маңызды. Талап білім алушының қабілетін, мінезін тереңінен аңғару. Жеке тұлғаның әрекеті, істі орындауға деген қабілеті, оған даярлығы мен ішкі психологиялық әзірлігі бірінші ескерілуі керек. Мұның бәрі тыңдаушылардың еңбек дағдыларын жете біліп, кәсіби бағдарларды терең меңгеруіне мүмкіндік тудырады.
Гүлвира ЖҮНІСОВА,
Алматы облыстық Қ.Байсейітов атындағы музыка колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13