26 Тамыз, 2015

Жасампаздық пен жаңғыру

295 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
1424172016489Еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында күрделі сатылардан өтті. Мемлекеттің тыныс-тіршілігі, іс-қимылы жаңа мемлекет құрылып жатыр деп кідіріп немесе тоқтап қалған жоқ. Әйтсе де, жаңа талап, жаңа өзгеріс әкелді. Оларды орынды қолдану, заңдастыру қажет болды. Сол өтпелі кезең аясында Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясын қабыл­даған болатын. Осы мезгіл­ден бастап, мемлекетімізде конс­ти­туциялық даму жолы басталды. Бұл Конституцияда мемлекеттік құрылым, қоғамдық, саяси жүйе­нің негізгі қағидалары нақты­лан­ба­ғандықтан өміршең болмады. Көп ұзамай, Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқының мүддесі мен жарқын болашағын қорғау үшін конституциялық реформа өткізу туралы қабылдаған зайыр­лы шешімін халықпен бөліс­ті. Әрине, жуырда ғана қабылданған жаңадан құрылған мемлекеттің Ата Заңын қайта қабылдау қажет деген шешім қоғамда әртүрлі ой өрістетті. Талай ғасырлардан бері көп өзгеріске түспеген АҚШ конституциясын мысалға алып, кереғар пікірде болғандар да аз емес еді. Олардың пікірлеріне, еркін ойласуына рес­публикадағы оңтайлы сая­си ахуал мүмкіндік берді. Тәуел­сіз деп аталып жүрген БАҚ-та жаңа ұстанымды сан-саққа жү­гір­т­кен материалдар жарияланып жатты. Бірақ, Н.Назарбаев үшін Кон­ституцияның базалық құндылықтарын сақтай отырып, биліктің бір-бірін теңгеріп отыратын рөлін айқындап, оны нақтылап алу қажет болатын. Үкіметтің, Парла­менттің, Президенттің өкі­лет­тік шектерін айқындап алу жаңа Қазақстан жағдайында жаңа саяси үрдіс еді. Халық тезіне, халық таразысына салу ең оңтайлы шешім болды. Сондықтан да, Қазақстан­да конституциялық өзгерістер бүкіл­халықтық референдумға шығарылды. Конституция-20Сонымен, халық Елбасы ұсын­ған жобаны талқылауға қатысып, бүкілхалықтық референдумда жаңа Ата Заң қабылданды. Ол эконо­ми­калық даму, саяси реформалардың жеделдігін арттырды. Халықтың саяси белсенділігі, біліктілігі өсті. Бұл халықтың қоғам өміріне араласуының ең бірінші көрінісі және құқықтық сипатқа ие болды. Уақыт сол дер кезінде қабыл­­дан­ған Конституцияның өмір­шеңдігін дәлелдеп отыр. Соның нәтижесінде біз тұрақтылық пен дамуды көздеген бейбіт, ұлттық татулығы жарасқан мемлекетте өмір сүрудеміз. Яғни, кез келген мемлекеттің әдеттегі эволюциялық жолмен дамуына кететін ондаған жылдарды Қазақстан тарих өлше­мімен алғанда аз ғана уақыт ішінде өткерді. Баян Олжабаева1995 жылғы 30 тамызда қабыл­данған Ата Заңымыз уа­қыт пен тәжірибе сынынан өтіп, елі­­мізді жасампаздық пен жаң­ғыр­ту жолына әкелді. «Бiз, ортақ тарихи тағ­дыр бiрiктiрген Қазақ­стан хал­қы, байырғы қазақ жерiнде мем­ле­кеттiлiк құра отырып, өзi­мiз­дi еркiндiк, теңдiк және тату­лық мұраттарына берiлген бейбiт­шiл азаматтық қоғам деп ұғы­на отырып, дүниежүзiлiк қоғам­дастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және бола­шақ ұрпақтар алдындағы жо­ғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқы­ғымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», деген кіріспедегі құндылықтар Қазақстан халқының рухани жай-күйін, оның жаңа мақсаттар мен идеяларға, жақсы өмір сүруге деген бірегей ұмтылысын білдіреді. Демек, жаңа Конституция жаңа дәуірдің бастауына айналды. Ата Заң қағидалары Қазақ­стан Республикасының ең қым­бат қазынасы – адам және адам­ның өмірі, құқықтары мен бостан­дық­­тары болып табыла­тын де­мок­­ратиялық, зайырлы, құ­қық­тық және әлеуметтік мемле­кет құру­ды көздеді. Осы атал­ған қағи­далар қандай да болмасын кон­с­­ти­туциялық реформалар өткіз­­ген жағдайда қоғамдық тату­лық пен саяси тұрақтылықты, бүкiл халықтың игiлiгiн көздей­тiн экономикалық дамуды, қазақ­стандық патриотизмді, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу­ді негізгі басымдық ретінде ұстанды. Құрылысы бойынша біртұтас унитарлы мемлекет болғанымен, Қазақстан көпұлтты мемле­кет. Сон­дықтан да, Ата Заң норма­лары халықтың мүддесі мен оның еріктілігін басты қағида ретінде ұстана отырып, қазақстандықтарды тұтас ұлт ретінде топтастыру амалдарын қарастырды. Консти­туцияның «Адам мен азамат» тарауындағы 30-ға жуық бап адам және азамат құқығына, бос­тан­дығына арналды. Олар халық­аралық стандарттарға сәйкес деңгейде қарастырылды. Адам мен азамат теңқұ­қы­­қ­­­­тығы оларға берілген құқық­тар мен олардан талап етілетін жауапкершіліктердің бірдей болуын және берілетін мүмкіндіктердің де әркімге қолжетімді жағдайда болуын құптады. Ата Заңға 2007 жылы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Мәжіліс депутаттарының сайлауында Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Бұл – жаңа саяси мектеп еді. Бұл – Конституцияның жасампаздық пен жаңару Ата Заңы екенін паш етті. Өйткені, Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыс­тардың өкілдері жалпы қа­зақстандық құндылықтар негізінде өз ұлттарын Парламент Мәжілісі төрінен көрсету құқы­ғына ие болды. Оларды ортақ үй – Қазақстанның гүлденуі біріктіреді. Біздің мемлекетімізде ұлт­ара­лық татулық, ынтымақтылық, өзара түсінісушілік және сенім­діліктен тұратын ерекше ахуал орнықты. Бұл Қазақстанды бүкіл әлемге танымал етіп отыр. Мемлекеттігіміз, тәуелсіздігіміз және егемендігіміздің заңды негізі Ата Заңымызға 20 жыл ішінде, өмір талаптарына сай үш рет өзгерістер енгізілді. Олар мемлекетімізді басқарудың тетігін одан әрі жетілдірудің жолдарын ашты. Әрине, қоғам болған соң ол қозғалыс, өзгеріс үстінде болады, үздіксіз дамып отыратындығы да заңды құбылыс. Сол себепті де, жергілікті өзін өзі басқару, сайлауды демократияландыру, билік тармақтарының рөлін арттыру секілді мәселелер күн тәртібіне көтеріліп отырды. Ата Заңымызға алғашқы өзге­рістер 1998 жылы енгізілді. Ол Қазақ­стан халқының мемлекетті бас­қа­руға қатысу белсенділігін арт­тыруға, еліміздің саяси жүйе­сін одан әрі жетілдіруге бағыт­талды. Саяси партиялардың тізім­дері бо­йынша тең сайлау жүйе­сін енгізу осы бағытта жасал­ған маңызды қадам болып та­был­ды. Қос палаталы Парламенттің Мәжілісіне депутат сайлауы кезінде жеңген саяси партияларға арнайы 10 мандат берілді. Үкімет мүшелерінің депутаттық корпус алдындағы жауапкершілігін арттыру, Парла­менттің өкілеттігін кеңейту, оған сайланған депутаттардың өкілет­тік мерзімін – Мәжіліс депутаттарына 5, ал Сенат депутаттарына – 6 жылға дейін көбейту, алқабилер институтын енгізу, т.б. қарастырылған еді. Саяси тарих ауқымында 2007 жылғы конституциялық реформалар жаңа кезеңді бастады, олар: Президенттік мерзімді қысқарту, Парламенттің өкілеттігін кеңейту және депутаттар санын арттыру, қоғамдық ұйымдар мен партияларды ішінара мемлекеттік қаржыландыруды қамту болды. Саяси реформаларға сәйкес, Парламенттің, саяси партиялардың рөлі артты. Қазақстан халқы Ассамблеясы да конституциялық мәртебеге ие болды. 2011 жылғы ақпанда Конс­ти­туцияға сайлау мерзімін созып, мерзімінен бұрын сайлаулар өткізуге қатысты Президент уәкілетін кеңейту жөнінде өзге­рістер енгізілді. Осы өткізген жұмыстардың нәтижесінде қос Палаталы кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізетін, саяси партиялардың фракциялары өкілдік ететін Пар­ламент құрылды. Қазақстанда мем­лекеттік билік заң шығарушы, атқа­рушы және сот билігі тармақта­рына бөліну қағидатына негізде­ліп құрылды, олар мемлекеттік биліктің дербес бір тармақтары ретінде Конституцияда белгі­ленген өкілеттіктерін жүзеге асырып келеді. Негізгі Заңымыз ережелерінің күнделікті өмірде іске асырыл­уы үздіксіз және ауқымды жұ­мыс жасауды қажет етеді. Ол жұмыс­­қа мемлекеттік органдар, оның құрылымдары, қоғам және әр азамат үлесін қосып отыруы тиіс. Конституция, әркiм еліміздің Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқық­тарын, бостандықтарын, абы­ройы мен қадiр-қасиетiн құрмет­теуге мiндеттi деп таниды. Кон­с­титуцияны ұғыну әр адам­ның аза­­маттық борышы және міндеті, ол қоғам мен адамның өмір­лік бағдаршамы. Сондықтан, Ата Заңы­мызда бекітілген ере­же­лерді орындай білу, оны құрмет­теу, ардақтау, сақтау Қазақ­стан Республикасының әрбір азаматының басты міндеті болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің іргетасы берік орнықты. Қазақ­станды әлем таныды, оның саяси көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаев бүкіл ғалам мойындаған саяси лидерлердің алдыңғы қатарынан берік орын алды. Бұл бабаларымыз армандаған – Жерұйық Қазақстан! Ата Заң – тәуелсіздігіміздің аманаты! Бұл – тарихи шындық, бұл – бұлжымас айғақ! Баян ОЛЖАБАЕВА, заңгер. АСТАНА.