АҚТАУ. 6 наурыз. Жеңіс күніне орай Ақтау қаласын безендіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,1 млн. теңге қарастырылған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осы қаржыға Ақтауды Жеңіс мейрамына безендіруден бөлек, маңғыстаулық батырлар мен қазіргі көзі тірі ардагерлеріміздің суреттерін қала көшелеріне, LED экрандар мен таблоларға орналастыру, сондай-ақ, «Мәңгілік алау» монументінің жанынан Жеңістің 70 жылдығына арнап арнайы барельеф орнату көзделген.
«Бірінші барельефке майдан алаңы бейнеленсе, екінші барельефке тыл бейнеленетін болады. Себебі, Жеңіске майдандағы әскери күшпен бірге, тылдағы ерен еңбек те үлес қосты. Сонымен қатар, маңғыстаулық Кеңес Одағының Батырлары Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Біләл Қалиев, «Даңқ» орденінің иегерлері Кемер Оңғалбаев, Павел Малаев, Ленин орденді Исатай Сүйеубаев пен Қартбай Бекжановқа арнайы ескерткіштер орнатылатын болады», дейді Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин.
Ақтауда соңғы екі жылда 8 соғыс ардагері мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналы болған, қазір Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған бір де бір ардагер жоқ. Ақтау қаласы әкімінің айтуынша, пәтерлері жөндеуді қажет ететін ардагерлердің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Мереке қарсаңында арнайы «Ардагерлерге көмек» атты жастардың әлеуметтік көмек командасы жасақталып, жастар ардагерлердің үйі-шаруасына көмектесіп, күнделікті тұрмыстағы жұмыстарына қолғабыс жасамақ.
– Жаз маусымында тілек білдіріп отырған кәсіпкерлердің көмегімен ардагерлердің денсаулығын оңалту бойынша нақты шаралар қабылдайтын боламыз. Яғни, ардагерлерді республикамыздың емдеу-сауықтыру орталықтарына жібереміз. Ал қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп тез арада ардагерлердің денсаулығына толық тексеру жасауымыз керек. Соғыс ардагерлері аурухана, емхана жағалап жүрмеуі үшін арнайы мобильді топ жасақтап, қариялардың үйлеріне барып, денсаулықтарын тексеретін боламыз, – дейді қала әкімі.
1 наурыздан бастап барлық білім беру ұйымдарында, мектептер мен балабақшаларда Жеңіс күніне арналған «Ерлік сабақтарын», «Бейбітшілік сабақтарын» және «Еске түсіру сағаттарын» өткізу қолға алынса, сәуір айында панкратионнан қалалық ашық біріншілік өткізу жоспарланған. Аталған біріншілікке Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда облыстарының командалары қатысады деп күтілуде. Ал қазан айында «Жауынгер, сенің ерлігің өшпейді!» атты оқу орындары студенттерінің театрландырылған көрмелерінің байқауы ұйымдастырылмақ.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: tumba.kz.
• 06 Наурыз, 2015
Жеңіс күніне орай Ақтауды безендіруге 2,1 млн. теңге жұмсалады

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 11:10
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
Қоғам • Бүгін, 10:45
«Абай төсегін жинамаған». Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:38
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 10:31
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:18
Мирас • Бүгін, 10:15
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
Ауа райы • Бүгін, 09:24