Әрбір қаланың өз нышандық белгісі – символы бар. Ол негізінен қолдан жасалған мүсін түрінде болады. Ал Тәжікстан астанасы – Душанбенің нышаны ретінде көп жылдардан бері жанды нәрселер – Талабшо есімді қарт пен Мария атты ұрғашы аю көрініп келеді.
Осы бір таң қаларлық ерекше жұп көп жылдардан бері құдды сағаттың тілі сияқты тура талтүсте жетектесіп көшеге шығып, біраз жүріп қайтады. Сонымен бірге, олармен бетпе-бет жолыққан жұрт арасында ешкім де жыртқыш аңнан қорқа қоймайды.
Талабшо Шейхов бұдан 17 жыл бұрын Марияны Памир тауларының баурайынан тауып алыпты. Аңшы кезіккен кезде аюдың қонжығы әлдекім өлтіріп кеткен анасының жанында жатыр екен. Зейнеткер сосын тау ішінде жападан-жалғыз қалған тіршілік иесін аяп, өзімен бірге ала кетеді. Үйіне әкелгесін оны баладай мәпелеп бағады. «Мен оны жақсылап тамақтандырып тұрдым. Оған тіпті ақылды да мейірімді болып өсуі үшін ана сүтін сауып бергіздім. Ал Мария шынында ақылды болып өсті. Әрі мейірімді. Адамдарды жақсы көреді. Ол маған тура қызым немесе немерем сияқты болып шықты», – дейді қазір қария.
«Біздің жанымыздан мыңдаған адам өтіп жатады. Бірақ бірде-бірі амандаспайды. Сосын мен Марияға: «Қарашы, жұрт адаммен амандасуды да қойыпты. Оларды да адам дейді-ау. Кел, одан да екеуміз қатар тұрып алып, оларға сәлем беруді үйретейік», деймін. Мария мұны түсініп, менің жаныма тұра қалады да, өтіп бара жатқандарға иіліп, сәлем жасайды. Сол кезде мен көпшілікке: «Менің аюымнан қалай ақылды болуды үйреніңдер деймін», – деп ағынан ақтарылады қария.
Душанбеде ақсақал мен оның аюын білмейтін адамдар кемде-кем. Мария жұртпен бірге суретке түскенді, сосын шалғында аунап жатқанды ерекше жақсы көреді. Айтқандай, ол шөптің қасиетін де жақсы біледі екен. Қарт соның арқасында фитотерапияны да үйреніп алып, емдік қасиеттері бар тұндырмалар жасайтын болыпты.
Талабшо атай биылғы жылы 80-ге толады екен. Осыдан он жыл бұрын ол екінші рет үйленіпті. Ақсақалдың кенже ұлы биыл мектепке барады.
Қайрат ҚҰЛЫМБЕТ.

Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Алматыда роботакси жобасы таныстырылды
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43
«Әділет» партиясының атынан жалған аккаунт пен парақшалар ашылған
Саясат • Бүгін, 10:40
Қазақстанда 1990 жылдары жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
Футбол • Бүгін, 10:05
Шымкент тұрғыны анасынан қалған мұраны қайтару үшін бауырларымен соттасты
Аймақтар • Бүгін, 10:04
Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны артты
Әлем • Бүгін, 09:19
Спорт • Бүгін, 09:00
«Неміс машинасын» тоқтату қиын
Футбол • Бүгін, 08:58
17 маусым күнгі кесте: Месси мен Мбаппе ойынға қосылады
Спорт • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:53
Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба
Шымкент • Бүгін, 08:50
Әлем үздіктері Ақтөбеде бас қосты
Шахмат • Бүгін, 08:48