06 Наурыз, 2015

Оңтүстік жұртшылығы Президент сайлауына белсене кірісті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-03-15-shymkent-1

ШЫМКЕНТ. 6 наурыз. Оңтүстік жұртшылығы Президент сайлауы секілді аса маңызды саяси науқанды өткізуге бұл жолы да үлкен белсенділік белсенділік танытуда. Мұны аймақта жүргізілген қоғамдық пікір байқатып отыр. Бұл туралы зерттеу материалдарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мамандары сауалнама арқылы жергілікті электораттың саяси оқиғаға деген көзқарасы айқын байқалғанын мәлімдеді. Орталық қызметкерлері 18 жастан жоғары облыстың барлық аудан-қалаларында тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінен 1600-ден астам тұрғынға сұрау салған. Қорытындылар сайлаудың қоғамдық-саяси ақуалға оң әсері болатынын аңғартады. Қатысушылардың 96,4 пайызы сайлау туралы бастама дәл мерзімінде көтерілді деп санайды. Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Мұны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш халыққа арнаған үндеуі арқылы жария етті. Зерттеу қорытындылары Президент сайлауына тұрғындардың белсенділігі өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 85,1 пайызы міндетті түрде дауыс беруге баратынын айтса, 10,5 пайызы дауыс беруге қатысуы мүмкін екенін алға тартқан. Ал респонденттердің 4,4 пайызы саяси оқиғадан қалыс қалуы мүмкін екенін жасырмады. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: otyrar.kz.