ПЕТРОПАВЛ. 6 наурыз. Петропавлдағы ЕС-164/6 әйелдер колониясында қосымша жұмыс орындары ашылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті хабарлады.
Жеке кәсіпкер Евгений Щеголев бұл мекемемен үш жылдан бері қоян-қолтық жұмыс жасап келеді. Алғашқы кезде онға жуық сотталушы ғана еңбекке тартылса, өткен жылы олардың саны 70-ке жетті. Бүгінде барлығы 95 жазасын өтеуші жұмыс істейді.
«Отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында өндіріс орнын кеңейту мүмкіндіктері табылып, тағы 20 адам жұмыспен қамтылып отыр», – дейді Евгений Сергеевич.
Колония аумағындағы ғимаратты жалға алып отырған кәсіпкер шағын және орта кәсіпті дамыту мақсатымен моншаға қажетті бұйымдарды шығарады. Өз өнімдерін Қостанай, Ақмола облыстарына және Астана қаласына сатуды жүйелі ұйымдастырып келеді. Өнімдердің шетелдік тауарларға қарағанда бағасы қолжетімді, сапа жағынан да кем түспейді.
Колонияның басшысы Бибігүл Мансұрованың айтуынша, жұмысқа орналасуға ниет еткен сотталушылардың кәсіби даярлығы мен жеке басының тәртібі, мінез-құлқы бірінші кезекте ескеріледі. Бұл тәжірибенің абақтыдан босап шыққаннан кейінгі өмірлеріне де пайдасын тигізеріне еш күмән келтірмейді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті.
Сурет: inform.kz.
• 06 Наурыз, 2015
Петропавлдағы әйелдер колониясында жұмыс орындары ашылды

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 11:10
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
Қоғам • Бүгін, 10:45
«Абай төсегін жинамаған». Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:38
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 10:31
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:18
Мирас • Бүгін, 10:15
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
Ауа райы • Бүгін, 09:24