ОРАЛ. 6 наурыз. Орал қаласының Деповская көшесіндегі апатты №18 үйдің тұрғындары №5 шағын аудандағы уақытша баспанаға көшірілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Көп кешікпей аталған көшедегі өзге де апатты үйлердің тұрғындары уақытша қонысқа орын алмастырмақ. Өйткені биыл апатты деп танылған үйлер бұзылып, оның орнына көп қабатты үйлердің құрылысы басталмақ. Нақты айтар болсақ, тоқсан пәтерлік тоғыз қабатты және 144 пәтерлік тоғыз қабатты жаңа үйлер салынады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін уақытша мекенжайдағылар түпкілікті жаңа баспанаға қайта көшіп келмек.
Мұндай игі шара қаладағы апатты үйлердің тұрғындарын баспанамен қамтуға бағытталған қанатқақты жобаның аясында жүзеге асырылмақ. Тұрғындарды көптен бері толғандырып келген түйткілді мәселенің түйіні мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде шешімін таппақ. Яғни, «БолашақТ» және «СВ плюс» құрылыс компаниялары бұл іске білек сыбана кірісуге тілек білдірді. Жоба бойынша Орал қалалық әкімдігі, құрылыс компаниялары және тұрғындар арасында үш жақты келісімшартқа қол қойылды.
Соған сәйкес қалалық әкімдік құрылыс жұмыстары кезінде тұрғындарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталған құрылыс компаниялары үйді салып біткеннен кейін оны тұрғындарға жекеменшікке береді. Бұл кезде жаңа баспана ескі пәтерлердің ауданына сәйкес ұсынылады. Жаңа үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүргізіледі.
Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, облыс орталығындағы 32 үй апатты жағдайда деп танылған. Бұл үйлерде 325 отбасы тұрады. Өзге үйлердің де мәселесі осы үлгіде кезең-кезеңмен шешімлек.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: priru.kz.
• 06 Наурыз, 2015
Оралда апатты үй тұрғындарына жаңа баспана беріледі

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 11:10
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
Қоғам • Бүгін, 10:45
«Абай төсегін жинамаған». Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:38
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 10:31
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:18
Мирас • Бүгін, 10:15
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
Ауа райы • Бүгін, 09:24