ОРАЛ. 6 наурыз. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Үкімет деңгейіндегі селекторлық мәжіліс кезінде смартфондарымен әуреленіп отыратын жергілікті шенеуніктерге ескерту жасады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мәселенің мәнісі мынада. Алдыңғы күндердің бірінде ҚР Премьер министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен республикада дуалды оқыту жүйесін енгізу жөнінде селекторлық мәжіліс өткізілген. Оған Батыс Қазақстан облысынан кәсіпкерлер, колледждер мен арнаулы орта оқу орындарының жетекшілері, облыстық басқарма басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысқан. «Мой город» порталынан алынған деректе селекторлық байланыс аяқталған соң облыс басшысының оған қатысушыларға ескерту бергені айтылған. Онда былай делінген: «Мәжіліс екі сағатқа созылды. Мұнда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қаралды. Соған қарамастан сіздер басты назарды күн тәртібінде тұрған мәселеге аударудың орнына смартфондарыңызбен шұқыланып отырдыңыздар. Бұл қызмет этикасына сәйкес келмейді. Рас, қазір ақпараттық технология ғасыры. Бұл құрал қажет те. Алайда, селектор уақыты кезінде жұмыс істеудің орнына басты көңілді смартфонға аударғандарыңыз келіспейді. Бұларың қалай? Үкімет жетекшілерінің бірі селекторлық мәжіліс өткізеді. Жандарыңызда облыс басшысы отырады. Ешқайсын да елең етпедіңіздер. Сондықтан келесіде мұндай әдеттеріңізді тыюларыңызды өтінемін».
Облыс басшысының бұл ескертуі өте орынды деп білеміз. Өйткені дуалды оқыту жүйесі
секілді бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың өңірлерге енгізілу деңгейі төмен екені жасырын емес. Мұның өзі тиісті салаға тікелей қатысы бар жетекшілердің жоғарыда облыс басшысы айтқандай енжарлығы мен немкеттілігінен орын алып жүрмесіне кім кепіл?
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: macdigger.ru.
• 06 Наурыз, 2015
Телефонмен көп сөйлесетін шенеуніктерге ескерту жасалды

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 11:10
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
Қоғам • Бүгін, 10:45
«Абай төсегін жинамаған». Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:38
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 10:31
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:18
Мирас • Бүгін, 10:15
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
Ауа райы • Бүгін, 09:24