ПЕТРОПАВЛ. 6 наурыз. Петропавлдағы Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өткен семинар-кеңесте көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізу мәселесі талқыланды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз орталығы хабарлады.
Жиынға аудан, ауыл әкімдері, ведомстволардың, ұйымдардың және агроқұрылымдардың басшылары, ғалымдар мен өнім жеткізуші фирмалардың өкілдері қатысты. Семинар-кеңесті аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ашып, жүргізіп отырды. Ол кіріспе сөзінде аграрлық сала облыс экономикасының негізі екенін айтып, «Оның үлесі жалпы өңірлік өнімнің 24 пайызын құрайды. Көктемгі егіс қол жеткен табыстарды одан әрі арттырудың қамы, басты шаралардың бастауы», деді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров көктемгі дала жұмыстарына байланысты алда тұрған міндеттерді баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатымен 3 миллион 300 мың гектарға дәнді және дәнді-бұршақты, 568 мың гектарға майлы, 448 мың гектарға жемазықтық дақылдар себу көзделген. Минералдық тыңайтқыштар құнын арзандату үшін мемлекеттен 2 миллиард 158 миллион, гербицидке 2 милллиард 365 миллион теңге демеуқаржы бөлініп отыр. Өсімдік шаруашылығын қолдауға арналған демеуқаржының мөлшері 11,4 миллиард теңгені құрайды. Агроқұрылымдар мен серіктестіктер тұқыммен 93 пайыз қамтамасыз етілген. Жауапты науқанға 15,3 мың трактор, 16,2 мың тұқымсепкіш, 1100-дей себу кешені, 5,8 мың жүк автомобилі, 50 мыңнан астам топырақ өңдеу техникасы қатысады деп жоспарланған. Бүгінде машина-трактор паркі 72 пайызға дайын.
Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Жексенбай Қасқарбаев көктемгі дала жұмыстарының стратегиясы, Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі Леонид Юшкевич Сібірдің оңтүстігіндегі көктемгі науқанды өткізудің ерекшеліктері, Сібір тәжірибе станциясы директорының орынбасары Александр Пузиков Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан облысының майлы дақылдары жайлы пікірлерін алға тартты. «Әліби-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бақылау кеңесінің төрағасы Нұрлан Тілеубаев, «Астық-Стем» ЖШС-нің директоры Сергей Звольский көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізуге байланысты өз ойларымен бөлісті.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз орталығы.
Сурет: munara.kz.
• 06 Наурыз, 2015
Солтүстік Қазақстанда көктемгі егіске дайындық пысықталды

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12