АСТАНА. 6 наурыз. Футболдан еліміздің жастар құрамасы наурыз айының соңында екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы kff.kz хабарлады.
Алдымен жастарымыз финляндиялық құрдастарымен күш сынасады. Хельсинкиде өтетін бұл ойын 25 наурызға жоспарланған. Ал 30 наурызда Саулюс Ширмялис жаттықтыратын жас футболшыларымыз Таллинде Эстониямен тартысқа түседі.
«Алда 2017 жылғы жастар арасындағы Европа чемпионатына іріктеу турнирі келе жатыр. Сол сайыс алдында осылай дайындығымызды пысықтап алуды жөн санадық. Оның үстіне іріктеу сайысы кезінде біз Англия, Норвегия сынды мықты ұжымдармен бір топта ойнаймыз. Финляндия құрамасының Норвегиядан еш айырмашылығы жоқ. Эстондардың да ойын өрнегі скандинавтықтарға ұқсас. Сондықтан алдағы екі жолдастық ойын бізге мол тәжірибе болады», дейді жастарымызды жаттықтырып жүрген литвалық маман.
Айта кетейік, 2017 жылғы Европа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан 9-топта өнер көрсетеді. Соған сәйкес, Англия, Норвегия, Швейцария, сондай-ақ, Босния және Герцеговина жастар құрамаларымен финалдық кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салады. Алғашқы ойынды 2 қыркүйек күні сырт алаңда Босния және Герцеговинаға қарсы өткізсе, келесі кездесуде Швейцария жастарымен жасыл алаңға шығады. 7 қыркүйекте болатын бұл ойынды біздің команда өз алаңында өткізеді. Қалған ойындардың кестесі төмендегідей:
08.10.2015 Норвегия – Қазақстан.
13.10.2015 Англия – Қазақстан.
25.03.2016 Қазақстан – Босния және Герцеговина.
02.09.2016 Швейцария – Қазақстан.
06.10.2016 Қазақстан – Англия.
11.10.2016 Қазақстан – Норвегия.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: kff.kz.
• 06 Наурыз, 2015
Жас футболшыларымыз наурызда екі жолдастық ойын өткізеді

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 11:10
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
Қоғам • Бүгін, 10:45
«Абай төсегін жинамаған». Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:38
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 10:31
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:18
Мирас • Бүгін, 10:15
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
Ауа райы • Бүгін, 09:24