АСТАНА. 6 наурыз. Дәл қазір Астанадағы «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында теннистен Дэвис кубогы жарысы аясында Қазақстан мен Италия арасындағы ойын өтуде. Алғашқы ойында нөмірі бірінші теннисшіміз Михаил Кукушкин қарсыласы Симоне Болеллиді 3:0 (7:6 (8:6), 6:1, 6:2) есебімен жеңіп, жалпы есепте біздің команданы алға шығарды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Алғашқы сетте 1 сағат 6 минут ойнаған қарсыластар жеңімпазды тай-брейк арқылы анықтады. Бұл сында отандасымыздың бағы басым болды. Ал екінші және үшінші сетте Болелли біздің теннисшіге қарсы еш шара қолдана алмады. Екінші сетте тек бір геймде ғана ұпай алған итальян келесі кезеңде еншісіне небәрі екі ұпай жазды.
Кукушкиннің жеңісінен кейін Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты. Қазір кортта қазақстандық Андрей Голубев пен қарсыласы Андреас Сеппи таласқа түсуде. Алғашқы сеттің қорытындысы бойынша Сеппи алда келеді. Ол бірінші кезеңде Андрейді 6:3 есебімен жеңді.
Кукушкин мен Болелли арасындағы текетірес туралы айтар болсақ, қос теннисші осыған дейін 3 рет күш сынасқан. Өкінішке қарай, соның барлығында итальянның мерейі үстем болды. Яғни, бүгін Миша Болеллиді алғаш рет жеңіп отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: daviscup.com.
• 06 Наурыз, 2015
Дэвис кубогы жарысында Михаил Кукушкин Симоне Болеллиді жеңді

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 11:10
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
Қоғам • Бүгін, 10:45
«Абай төсегін жинамаған». Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:38
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 10:31
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:18
Мирас • Бүгін, 10:15
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
Ауа райы • Бүгін, 09:24