АСТАНА. 20 мамыр. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Мексика, Венесуэла, Конго Республикасы, Корея Халықтық Демократиялық Республикасы, Судан Республикасы және Эль-Сальвадор Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мемлекеттік хатшы Мексика, Венесуэла, Конго және КХДР-дың уәкілетті өкілдерін «ЭКСПО 2017» көрмесін өткізу құқығын алу барысында Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін, сондай-ақ, Мексика, Венесуэла, Сальвадор және КХДР елшілеріне 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағандары үшін алғысын білдірді.
Гүлшара Әбдіқалықова Мексика елшісі Марта Елена Барсенамен әңгіме барысында Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы Бразилиядан кейінгі ірі сауда серіктесі екенін атап көрсетті. Қазақстан мен Мексика арасындағы 2014 жылғы тауар айналымы 120,8 млн. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттік хатшы Қазақстанда ашылуы 2015 жылға жоспарланып отырған Мексиканың елшілігі арқылы тікелей дипломатиялық қарым-қатынас орнату еларалық байланыстарды саяси және экономикалық қана емес, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда да тереңдетуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Екіжақты кездесу барысында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытудың жай-күйі мен келешегі талқыланды. Гүлшара Әбдіқалықова атап көрсеткендей, жаһандану жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту біздің мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай келеді. Осыған орай, дипломатияның табыстылығын өзара іс-қимылдың деңгейі айқындайды.
Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілік танытты. Олардың қатарында, қаржы, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы, азық-түлік өнімдері өндірісіндегі, баламалы энергетикадағы және басқа да салалардағы ынтымақтастықтар бар.
Мемлекеттік хатшы аталған мемлекеттердің Төтенше және өкілетті елшілерінің қызметтері біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық әлеуетін арттыруға ықпал етеді деп үміттенетінін айтты.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 20 Мамыр, 2015
Мемлекеттік хатшы бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12