АСТАНА. 20 мамыр. Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының президенті Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Асқар Мамин Елбасына компанияның қазіргі қызметі, оның еншілес кәсіпорындарының тиімділігін арттыру шаралары, негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Қазақстан Президенті елімізде іске асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасының маңыздылығына, оның аясында ауқымды жұмыстар жоспарланғанына тоқталды.
«Астанадан шұғыла тәрізді тарайтын автокөлік жолдарын салу және қалпына келтіру мәселесін тұрақты бақылауда ұстау қажет. Бұл жұмыстар өндірушілерді техника мен құрылыс материалдарын жеткізу жөніндегі тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, мультипликативті әсерге ие болмақ. Бұл экономика үшін қиын уақытта оны дамытудың драйверіне айналады. Біздің еліміз Жібек жолының «экономикалық белдеуіне» кіретіндіктен, Қытай Халық Республикасы да қолдау көрсететін болады», – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы Астанада халықаралық қаржы орталығын құру ісі де көлік-логистика саласын дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет ететінін айтты.
«Елорданы Дубай, Франкфурт, Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен байланыстыру қажет. Азаматтық авиация саласында осыған дайындалып, жаңа бағыттарды игерген жөн. Сонымен қатар біз ішкі рейстерді кеңейту үшін авиакомпаниялар құруға тиіспіз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының президенті «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа теміржол, автомобиль магистральдарын салу, теңіз порттары мен әуежайлардың инфрақұрылымын қайта жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды. Соның ішінде ол инфрақұрылымдық даму жоспарында межеленген бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтты. Батыс өңірдің көлік жүйесін дамыту мақсатында Ақтау теңіз портын кеңейтуге мүмкіндік беретін үш жаңа жүк терминалы салынғанын және Боржақты–Ерсай теміржол желісінің құрылысы жүріп жатқанын жеткізді.
Асқар Мамин Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті күш-жігер жұмсалып жатқанын атап өтті. Сол үшін елдің ішінде және шетелде логистикалық инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Қытай–Қазақстан–Еуропа бағытында контейнерлік тасымал соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 15 есеге өседі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Үндістанға транзиттік тасымал ұйымдастыру мәселесі де пысықталуда.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Президентке «Самұрық-Қазына» қорының бес айдағы жұмыс қорытындылары туралы есеп берілді
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10
Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 16:00
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:51
Бүгін Дастан Сәтпаев «Қайрат» жейдесіндегі соңғы матчын өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:49
ҰБТ: Грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 15:39
Ұлттық білім беру платформасы Қазақстанға не үшін қажет?
Білім • Бүгін, 15:35
Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды
Мереке • Бүгін, 15:24
Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кету себебін түсіндірді
Партия • Бүгін, 15:09
Ақтауда гүлді тегін таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады
Аймақтар • Бүгін, 15:00