АСТАНА. 6 наурыз. Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында бақ сынайтын «Барыс» Омбының «Авангардымен» болған бесінші ойында 0:2 есебімен жеңілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Омбыда өткен ойын бірден айдын иелерінің шабуылымен басталды. Тартыстың басталғанына небәрі 34 секунд уақыт өткенде есеп ашылды. Александр Поповтан пас алған Чед Коларик «Барыс» қақпасынан саңылау тапты.
Екінші кезең тең жағдайда өрбіді. Астаналықтар есепті теңестіретін бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен, «Авангард» қақпашысы Денис Костиннің осал тұсын таба алмады. Ойын барысында 32 соққыны қайтарған Костин плей-офф кезеңінде алғаш рет қақпасына гол жіберген жоқ. Ойынның 31-минутында Александр Пережогин мергендігімен көзге түсіп, айдын иелері есепті 2:0-ге жеткізді.
Шешуші кезеңде Андрей Назаровтың шәкірттері «Авангардқа» қарсы ешқандай шара қолдана алмады. Тіпті осы кезеңде екі мәрте ойыншы басымдығына ие болғанына қарамастан, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Бұл жеңісінен кейін қос команда арасындағы айқастың жалпыесебі Омбы командасының пайдасына 3:2-ге жетті. Айқастың келесі «сериясы» 8 наурызда Астанада өтеді. Сол ойында «Барысқа» тек жеңіске жету керек. Жеңілген жағдайда жарысты «Авангард» жалғастырады. Егер жеңіс біздің команданың еншісінде кетсе, қарсыластар шешуші жетінші ойынға жүгінеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hawk.ru.
• 06 Наурыз, 2015
«Барыс» «Авангардпен» бесінші ойында есе жіберді

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 21:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53