Юкия АМАНО,
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры.
Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктің (МАГАТЭ) арасында Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қою бұл маңызды қызметтегі ірі кезеңді білдіреді.
2010 жылғы желтоқсанда МАГАТЭ Басқарушылар кеңесі ядролық энергетикалық реакторлар үшін отынды жеткізіп дайындауда күтпеген кідіріс болса, елдерге сенімділік беретін кепілдік механизм рөлін атқаратын коммерциялық емес сипаттағы себептермен байланысты емес ТБУ-ды ала алатындай төмен байытылған уран резервін құру жұмысын бастады. Келесі жылы азаматтық ядролық материалдарды қауіпсіз және сенімді сақтау, оларды жеткізу мен оны пайдалануда 60 жылдық тәжірибесі бар Қазақстан өз елінде МАГАТЭ ТБУ банкін орналастыруға ұсыныс жасады.
Үш жыл бойы оның ішінде құқықтық және техникалық мәселелерді келістіру бойынша, сындарлы келіссөздер жүргізілді. Міне, енді 27 тамызда Астана қаласында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Энергетика министрі Владимир Школьник және менің қатысуыммен Қабылдаушы мемлекет пен оған байланысты техникалық шарттар келісіміне қол қою үшін кездесу өткізіледі. Бұл келісімдер Өскемендегі Үлбі металлургия зауытындағы жобаның құқықтық базасын қалайды және оның толық көлемді жүзеге асуын бастап береді.
Қай жағынан алсақ та, дәл осында МАГАТЭ ТБУ банкінің орналасуы өте мәнді.
Қазақстан өзін таратпау ісінің қолдаушысы ретінде көрсете білді. Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Кеңес Одағынан мұра болып қалған ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты, Семей ядролық полигонын жапты және ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау шартына қосылды, сондай-ақ, МАГАТЭ-мен бәрін қамтитын кепілдіктер келісімі мен қосымша хаттамаға қол қойды. Мұнымен қоса, 2009 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құруда жетекші орын алды.
МАГАТЭ ТБУ банкін орналастыру – бұл Қазақстанның халықаралық ядролық ынтымақтастықты нығайтудағы уақтылы және өте маңызды қадамы. Президент Назарбаевқа, сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен халқына алғысымды білдіремін.
Қазақстан мен МАГАТЭ бірқатар бағыттар бойынша нәтижелі ынтымақтасуда. Олар Қазақстанның ядролық-энергетикалық жоспарын орындау бойынша бірлесе жұмыс жасауда. Бұдан басқа, МАГАТЭ Қазақстанның зерттеу реакторларының бірін жаңғыртуға, сондай-ақ, бұрынғы Семей ядролық аумағын шаруашылық жүргізуге пайдалы ету үшін де көмектесуде.
Елдердің ядролық технологияны бейбіт қолдану игілігінде пайдалануға көмектесу – МАГАТЭ жұмысының басты бағыттарының бірі. Біз денсаулық сақтау және ветеринария, азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын басқаруда, электр энергиясын өндіру мен қоршаған ортаны қорғауда жәрдемдесеміз және бұл біздің жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Біздің қызметіміз орнықты даму саласында Біріккен Ұлттар Ұйымы қойған мақсаттарға жетуге де біршама деңгейде ықпал етеді.
Біздің айналысатын жұмысымыз кей кезде адамдарды таңғалдырады.
Мәселен, жуырдағы Батыс Африкадағы Эбола індетінің тарауы кезінде, біз зардап шегіп жатқан елдерді осы ауру түрін неғұрлым жедел диагностика жасау үшін, яғни төрт күн емес, төрт сағаттың ішінде анықтауға көмектесетін қарапайым құралдармен қамтамасыз еттік.
МАГАТЭ сондай-ақ, Орталық Азия елдеріне – Қазақстанға, Қырғызстанға, Тәжікстан мен Өзбекстанға жаһандық жылынумен күрес проблемасына төтеп беруге де көмектесуде. Бұл саладағы бастамаларға мақтаның құрғақшылыққа төзімді сортын шығару, су ресурстарын бағалау мен негізгі азық-түлік өнімдері құрамында нәрлі заттарды көбейту кіреді. Осындай жоба шеңберінде МАГАТЭ мен Қазақстан ғалымдары ядролық әдістер арқылы Қазақстан фермаларында өсірілетін бидай мен жүгерінің сапасын арттыруда.
Бұдан өзге, МАГАТЭ ядролық медицина саласында да көлемді жұмыстар жүргізуде, яғни көптеген елдердегі обырға шалдыққан онкологиялық аурулардың заманауи ядролық медицина қызметіне қолжетімділік кеңейтілуде. Қазақстанмен біріге отырып обыр ауруын емдеу үшін дозиметрия орталығын құруға жәрдемдесудеміз және сәулелі терапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруда жұмыс жасаудамыз.
Қазақстан біздің ReNuAL жобамызға қаражат берген МАГАТЭ-нің жомарт мүше мемлекеттерінің бірі болып табылады. Бұл жобаның мақсаты ғалымдарды даярлауды қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау мен азық-түлік және басқа да салаларда зерттеулерді қолдайтын, сондай-ақ, ұлттық лабораторияларға талдау қызметін көрсететін Вена маңында орналасқан МАГАТЭ ядролық қолдану лабораториясын жаңалау болып табылады. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай 50 жыл бұрын салынған кешенді кейінгі 20 жылда мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қажеттінің бәрімен жабдықталған лабораторияға айналдыру.
Қазақстанның ReNuAL жобасына қосқан үлесі – бұл оның агенттік жұмысына шынайы қызығушылығы мен белсенді қатысуының көрінісі.
МАГАТЭ ТБУ банкі осындай мызғымас нәтижелі ынтымақтастық негізінде құрылуда. Бұл банкте ядролық отынды дайындауға қажетті ТБУ-дың 90 метрикалық тоннасына дейінгі қоры сақталады. Қауіпсіз болат цилиндрлерде сақталатын ТБУ-ды үлкен қаланы үш жыл бойына энергиямен қамтамасыз ететін типтік суда жеңіл реакторлар мен әлемде ең кең тараған энергетикалық реакторлар үшін отын ретінде пайдалануға болады.
МАГАТЭ яролық отынды кепілді түрде жеткізіп беруде қосымша механизмдерді құруда да белгілі бір рөл атқаратындығын атап өту керек, мәселен, Ресей Федерациясы Ангарскідегі Уранды байыту бойынша халықаралық орталығында ТБУ кепілдік қорын құрды.
Агенттік МАГАТЭ ТБУ банкін басқарып және бақылап отырады, мұнымен қоса Қазақстан оны пайдаланатын болады. МАГАТЭ ТБУ банкінің қауіпсіздігі мен физикалық қауіпсіздігі Қазақстанның заңнамалық және нормативтік талаптарымен реттелінеді, мұнымен қоса банк МАГАТЭ барлық қолданылатын қауіпсіздік нормалары ережелеріне және физикалық қауіпсіздік бойынша оның басты құжаттары талаптарына сай келуі тиіс. Бұдан басқа, МАГАТЭ ТБУ-ға қатысты МАГАТЭ кепілдіктері әрекет ететін болады
МАГАТЭ ТБУ банкі қалай жұмыс істейді? Егер МАГАТЭ-ге мүше мемлекет ТБУ-ды алуға мүмкіндігі жоқ болса, ең болмағанда оны жеткізіп беру туралы МАГАТЭ-ге өтініш жасай алады. Мұндай өтініш ТБУ-ды жеткізіп беру туралы белгілі бір өлшемдерге сәйкес болуы керек, атап айтар болсақ, атом электр стансасы үшін ТБУ-ды жеткізіп берудің бұзылуы немесе коммерциялық негізде, не халықаралық келісімшарттар негізінде орнықты түрде ТБУ-ды жеткізіп беруге мүмкіндіктің болмауы.
Мұндай елдің МАГАТЭ-мен бәрін қамтитын кепілдіктер туралы қолданыстағы келісімі болуы тиіс және Кеңестің қарастыруындағы кепілдіктерді қамтамасыз етумен ешқандай мәселе туындамауы қажет. Ол МАГАТЭ ТБУ банкі қорын толықтыруға жіберілген шығындарды төлеуі керек, мұнымен қоса алынған ТБУ бейбіт түрде реакторлық отынды өндіруге бағытталуы тиіс. МАГАТЭ-нің алдын ала келісімінсіз ТБУ-ды қосымша байыту, өңдеу немесе беру рұқсат етілмейді.
МАГАТЭ ТБУ банкі жұмысының басты қағидаттарының бірі, ол коммерциялық нарықтың қызмет етуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Бұдан басқа, оның болуы алушы мемлекеттің ядролық отын циклына өзіндік қондырғыларды құру құқығына әсер етпейді.
Барлық қаражат көлемі ерікті жарнадан алынған. МАГАТЭ ТБУ банкінің ең кем дегенде он жыл бойы жұмыс істеп тұруына жалпылай алғанда 150 млн. доллар бөлген донорларға, оның ішінде 400 000 доллар және заттай түрде жарна берген Қазақстанға да алғысымды білдіремін.
Қазақстан – әлемдегі алдыңғы қатарлы уран өндіруші ел, бірнеше онжылдықта– МАГАТЭ ТБУ банкін орналастыруға оңтайлы жақсы сараптамалық ресурс жинақтады.
Үлбі металлургия зауыты – бұл лицензиясы және ТБУ-ды қауіпсіз әрі қорғап сақтауға, тасымалдау мен өңдеуге қажетті инфрақұрылымы бар өндірістік көлемдегі ядролық нысан. Бұдан басқа, ірі әкімшілік орталық болып табылатын Өскеменде тау-кен және металлургиялық өндірістің елеулі қуаты шоғырланған.
Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында қол қойылатын келісім маңызды қызметтегі белесті кезеңді білдіреді және ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылады. МАГАТЭ атынан Қазақстан Үкіметі мен халқына алғысымды білдіремін және болашақта бұдан да тығыз ынтымақтастық орнайды деген ойдамын.