Жақында Италияның Лидо Адриано курортты қаласында өткен әсемдік пен таланттар байқауына дүниенің әр түкпірінен елуден аса жас талапкерлер қатысты. Байқаудың ерекшелігі сол – жүлде біреу болды. Оны қостанайлық “Триумф” балалар модасы театрының кішкентай мүшелері Айдана Бермұхамбетова, Жазира Жұрқабаева, Алина Мұхамеджанова қанжығаларына байлап қайтты. Біздің кішкентай арулар сахнаға үш рет шыққан. Олар алғашында Қостанай қаласындағы “Ханым” сән ательесі тіккен “Ақбота” коллекциясынан қазақ қыздарының ұлттық киімін көрсетіпті. Байқауға қатысушылар мен қонақтар, беделді қазылар алқасы қос етек көйлек пен үкілі бөріктің, қамзолдың әдемілігі мен қазақ қолөнерінің құдіретіне таңғалыпты. Қыздардың жүлдені иемденуіне осы ұлттық костюмге берілген баға мен қонақтар ықыласы көп ықпал етіпті.
Енді “Триумф” балалар модасы театрының тағы бір мүшесі алты жасар Айдана Омарова Францияға жүргелі отыр. Ол атақты француз модельері Пьер Карденнің резиденциясында өтетін халықаралық мода фестиваліне қатыспақ. Бұл жолы да “Ханым” сән ательесі Айданаға арнап “Ақбота” коллекциясынан ұлттық костюм дайындады. Кетер кезде дизайнер Татьяна Тайшықова Айданаға халқымыздың өнерін паш етіп, табыспен оралуына тілек білдірді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.
Суретте: Айдана Омарова дизайнер Татьяна Тайшықовамен бірге.
• 23 Шілде, 2010
Италияны таңғалдырған, енді Парижді тамсандырмақшы

Grand Slam: Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 10:27
Алматыда 16 шетелдік елден шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Бүгін ел аумағының басым бөлігін тұман басады
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 09:06
Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше