Ақмола облыстық археологиялық экспедициясы Зеренді ауданының Кеңөткел ауылына жақын орналасқан жерде кезекті жұмысын бастады. Өңір төріндегі Қошқарбай қонысы ерекше тарихи-мәдени аймақ болып саналады. Мұнда 150-ден аса археологиялық нысан бар. Осында табылған құнды жәдігерлер әртүрлі кезеңдегі, қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі тарихты сипаттайды.
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының мамандары жәдігерлер санының көптігін өңір табиғатының адамдар үшін өмір сүруге қолайлылығымен түсіндіреді. Өзен-судың молдығы, мал жайылымының кеңдігі мен табиғи-климаттық жағдайдың дұрыстығы өмір көшінің артықшылығын қамтамасыз еткені анық. Мұнда тоқыма, қыш ыдыстар мен әшекей бұйымдар жасау, мал шаруашылығы айрықша дамыған. Мысалы, биылғы он күндік жұмыс күнінде ғана Қошқарбай қорымынан адам сүйегінің қаңқасы, қола бұйымдар, түрлі әшекейлер мен алқалар табылып отыр. Сондай-ақ, үлкен олжа ретінде алакөл және андронов кезеңіне жататын төрт ыдысты айтуға болады.
Орталық директоры Талғат Ыбыраевтың айтуынша, ерте дәуірдегі адамдар қайтыс болғаннан кейінгі өмірдің барлығына сенген. Сондықтан, жерлеу рәсімі құрбандық шалумен қатар жүргізілген. Яғни, марқұмдар әшекей, тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқтармен бірге көмілген. Бүгінгі жәдігерлер осы пайымдауды растай түседі.
Жалпы, Қошқарбай қорымындағы 6 археологиялық нысаннан 38 артефак, 30 қола бұйым мен 8 қыш ыдыс анықталып, мәдени-тарихи игілігімізге жаратылуда. Ал, үш мұра бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Экспедиция жұмысына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен А.Мырзахметов атындағы университеттің студенттері мен Красный Яр ауылының №2 мектебі мен «Әулет» сыныптан тыс жұмыс орталығының оқушылары, якутиялық мамандар қатысуда.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Зеренді ауданы.
Суретте: қазба жұмысы барысындағы табылған қыш ыдыстар.

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан және Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39
Денсаулық • Бүгін, 10:06
Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Спорт • Бүгін, 08:01
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09