ПЕТРОПАВЛ. 21 мамыр. Мамыр-көкөніс пен жеміс-жидек отырғызудың ең қолайлы мерзімі саналғанымен, петропавлдық тұрғындардың саяжайларға жетуі бір мұң болып отыр. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлайды.
Саяжайлардағы қарбалас тірлік басталмай жатып жолдың сапасыздығына шағымданған зейнеткерлер алдымен дабыл қақты. Әсіресе, жауын-шашынды күндері саяжайлар орналасқан жер телімдері езіліп, көлік түгіл адамдардың өздері батпақтап қалатын жайттар жиі кездеседі. Шенеуніктер болса, саяжай тұрмақ қала ішіндегі тас жолдарды жөндеуге қаржы тапшы деп қол қусырады. «Солнечная» ықшамауданы бағытындағы 800-ге жуық саяжай иелерінің көрген күні осы.
«Адамның өңі түгіл түсіне енбейтін мынандай ойлы-шұңқырлы, кедір-бұдырлы жолдармен жүру еш мүмкін емес. Саяжайға жете алмай діңкелеп жүрміз. Жолдың нашарлығынан аптасына екі рет қатынайтын автобус та жүрісін доғарған. Ойдым- ойдым жолдың кесірінен апатқа ұшырай жаздаған. Соның салдарынан әжелер мен көлігі жоқтар қаланың соңғы аялдамасынан түсіп, саяжайларға дейін 3-4 шақырым жаяу-жалпылап жүргені», дейді тұрғындар.
Саяжайшылар мұңдарын шағып,қалалық әкімдіктің есігін тоздырғанымен, ондағылар ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр. Биыл жергілікті қазынадан саяжайларға көк тиын қарастырылмағанын алға тартады. Тек 18 көшенің шұңқырларын жамауға шамалы қаражат бөлінсе керек.
Қалалық саяжайшылар қоғамының төрағасы Виктор Малинко саяжайларға жарық, су тартып, күзетті күшейтуге 21 миллион сұралғанымен, ақшаның бөлінуі екіталай дейді. Өйткені, қала бюджеті айтарлықтай қысқарған.
Шенділер ақша артылса, саяжайларға апаратын жолдарды жөндейміз деп емексіткенімен, құрғақ уәдеге әбден тойған саяжайшылардың сенгісі жоқ.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32