24 Шілде, 2010

Тазалық табалдырықтан басталады

1839 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сіз не дейсіз? Әңгіменің ашығын айтсақ, Сыр өңірі – еліміздің өзге өңір­леріне қа­рағанда экологиялық ахуа­лы алаң­д­атарлық аймақ. Ші­ліңгір шілденің аптап ыс­ты­ғында шөп басы қоз­ғалса болды, ақ шаң­дақ бұрқ көте­рі­ліп, қала көшелерін кезіп кете ба­рады. Сон­дай-ақ Қызылорда қаласы көше­лерінің та­залығы да тұр­ғын­дарды алаң­да­туда. Қаланың шет ай­мақ­та­рындағы қоқыстардан көз сүрінеді. Қоқыс жәшіктері күн құрғатпай қоқыс­тар­ға толып,  асып-төгіліп жата­тыны тағы бар. Десек те соңғы кездері бір жаңалық байқалады. Қызылорда қаласының әкім­дік тағына отырғанына азған­тай ғана уақыт болған Мар­ха­бат Жайым­бетов қала тазалы­ғы­на бел шеше, білек түре кірісіп кет­кен сыңайлы. “Егемен Қазақстан” газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Еркін ӘБІЛ Қызылорда қаласының әкімі Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВКЕ: – Сіз бұған не дейсіз? – Ол рас. Қала әкімі қызме­ті­не келгеніме көп уақыт бола қой­ған жоқ. Менің басты ұста­нымым: “Қызыл­орда қаласын ХХІ ғасырдың қаласы ету – бар­шамызға міндет”. Атап айт­қан­да, қа­лада индустриялық-инновация­лық саланы ғана дамытып қой­май, қала келбетін көріктендіру, яғни ажарландыру, тұрғындардың қала тазалығына деген көзқарасын түбірлі өзгерту болып отыр. “Тазалық табалдырықтан бас­талады”, деп атам қазақ бекер айт­паса керек. Демек, қала таза­лығы бір биліктің қолында ғана емес, тұрғындардың қолында. Жо­ғарыда өзіңіз айтқандай, қоқыс­тарын көшеге қалай болса солай төге са­лу­шылар жоқ емес. Оларға “әй” дейтін әже, “қой” дей­тін қожа жоқ. Енді қала таза­лы­ғы бағытында қолға алынып жатқан шараларға жүгінелік. Қызылорда қаласында 230 мыңнан астам адам тұратынын ескерсек, қаладан күн сайын 800 текше метр қоқыс шығарылуы тиіс. Жасыратыны жоқ, бүгінде бұл көрсеткіш 300-350 текше метрден аспай келген. Оның үсті­не қаладан жиналған қоқыс арнайы полигонға жеткізілмей, қала сыртындағы, дария жаға­сын­дағы, ескі өнеркәсіп орын­да­рына апарып төгілуде екен. Бұл дегеніңіз, онсыз да қиын эко­логиялық жағдайды ушық­ты­рып жіберетіні айтпаса да тү­сі­нікті. Осы бір келеңсіз іске тыйым жасалып, қала қоқысының арнайы полигонға жіберілуі қатаң бақылауға алынуда. Қаламызда 400-ге жуық көше бар. Бөлінген қаржыға сәйкес тазалық жұмыстарымен 8 мекеме айналысуда. Осы меке­ме­лердің атқарылған жұмыс­та­ры­на төлене­­тін қаржының өлшемдерін қайта қарауға тап­сыр­ма да бердім. Сөз орайы келгенде айта кетейін, өзге ел­дер­де көшеге қоқыс тас­та­ды екен­сің, айыппұл төлейсің. Бізге де осындай өркениетті елдер тә­жірибесінен үлгі алу керек шы­ғар. Бүгінгі қала тазалығын қа­лыпқа келтіруді күнделікті қатаң бақы­лауға алып отырмыз. Күл-қо­қыстарды жиі жинап әкету, кө­ше­лерді сыпыру, қатты қал­дық­тарды жинау, көшелерге су себу, арам шөптерді орып тас­тап, кө­гал­д­ар мен гүлзарларды сулан­ды­руға бір кісідей  кірісіп жатыр. Менің пайымдауымша, таза­лықты жасамайды, қайта оны ұстап тұрады. Демек, қала таза­лы­ғын ұстап тұру үшін әкімнің нұсқауы міндетті түрде қажет пе? Таза қаланы билік қана емес, қала тұрғындары да жасап береді. Қызылорда.