02 Сәуір, 2015

Киевте АҚШ елшілігі алдында наразылық акциясы жасалды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02-04-15-kiev-1

АСТАНА. 2 сәуір. Кеше Украина астанасы – Киев қаласындағы АҚШ елшілігі үйі алдында мөңіреу түріндегі қарсылық акциясы жасалды. Бұл туралы «Правда.Ru» хабарлады. «1 сәуір күні Киевтегі АҚШ елшілгігін 2000 қаралы адам қоршап алды», - делінген хабарламада. Ал акцияға қатысушылар мұнда қолдарына «Мы не скоты!», «Мы не худоба», «Не было», «Хіба ревуть воли як ясла повні?» деген ұрандары бар плакаттар ұстап келді. Наразылық акциясына шыққандардың тағы бір ерекшелігі, олар өз ауыздарынан бір ауыз да сөз шығарған жоқ. Мұның орнына мөңіреп, маңыраумен болды. Ара-арасында барлығы ұйымдастырушылар таратып берген капустаны жеп тұрды. Қарсылық акциясының финалында белсенділер қарындары аш ірі қара малдарының кейіптерін келтіріп, елшілік ауласына қарай жер тарпып, топырақ шашты. Акция қазіргі күндері Украина үкіметінде қаптап жүрген шетелдіктерге, америкалықтар мен еуропалықтардың мемлекет ісіне қатты араласушылығына қарсылық ретінде жасалғаны анық көрініп тұр. Наразылық жиынына келушілер соңында грузиннің «Сулико» әнін салып, қолдарына Еуроодақтың нышандары салынған екі метрлік сәбізді ұстап тұрды. Мұрат Айтқожа.

02-04-15-kiev-2 02-04-15-kiev-3 02-04-15-kiev-4