04 Шілде, 2015

Ұлттық комиссиялар –ұтымды қозғаушы күш

239 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
03-07-02 Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің алдын ала қорытындыларына арналған кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңесте 5 институттық реформаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары қаралды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті заң жобаларын Пар­ла­мент­тің күзгі сессиясы бастал­ғанға дейін қарауға енгізу үшін жан-жақты пысықтаудың маңыз­дылығын атап өтті. Мемлекеттік аппарат рефор­масының басты нәтижесі оның жұ­мыс тиімділігін арттыру, кадр сая­сатында меритократия тетік­терін енгізу болуға тиіс. Мемлекет басшысы сыбай­лас жемқорлықтың алдын алу­ға ықпал ететін ілкімді фактор ретінде мемлекеттік қызмет­ші­лердің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөл­ген жөн екенін айтты. Соны­мен қатар, сот жүйесінің инс­танцияларын оңтайландыру, судьялар корпусына үміткерлерге қойылатын талапты қатайту, алқа билер сотын қолдану саласының ая­сын кеңейту жөніндегі шаралар талқыланды. Мемлекет басшы­сы әлемдік тәжірибені дәйек­ті түрде зерделеуді және Аста­нада халықаралық арбитраж орта­лығын құру үшін қажетті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Ұлттық комиссия, сондай-ақ, республикада инвестициялық тар­тымдылықты арттыру мен заң үс­темдігін қамтамасыз ету арқы­лы қолайлы бизнес ахуалын қалып­тастыру мәселелерін де талқы­лады. Қазақстан Президенті мем­ле­кеттің табысты дамуына са­раланған және тиімді эконо­ми­ка­лық саясат негіз болатынына назар аударды.  Елде экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Атап айтқанда, негізгі мемлекеттік бағ­дарламалар – ин­дустриялық-инно­вациялық даму және «Нұрлы Жол» ел азамат­тарының әл-ауқа­тын арттыруға және тұрмыс жағ­­дайларын жақ­сартуға ба­ғытталған. Нұрсұлтан Назарбаев салық, тариф, инвестиция салаларында жасалып жатқан қадамдарға жан-жақты қолдау көрсету қажет­тігін, бұл олардың даму бағы­тын түбегейлі өзгертуі тиісті­гін айтты. Мемлекет басшысы экономиканың орнықты өсуі­нің негізгі көзі болып табылатын шағын және орта бизнеске қажет­ті жағдай жасау мәселесіне айрық­ша көңіл аударды. Қазақстан Президенті бола­шағы біртұтас ұлт қалыптастыру аясында халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ілгерілетуге айрықша орын берілетінін айтты. Сонымен қатар, елді халықаралық қоғамдастыққа таныту жұ­­мыс­­тарын одан әрі жалғастыру да маң­ызды. Мемлекет басшысы Қа­зақстанның зор туристік әлеуе­­тін жүзеге асырудың, тиісті инфра­құ­рылымдар жасаудың, сапалы жобалар әзірлеудің маңыз­дылығын атап өтті. Транспарентті және есеп беруші мемлекет құру негізгі ре­формалардың бірі болып саналады. Қазақстан Президенті мемлекеттік биліктің ашықтығын қамтамасыз ету, оның халықпен өзара іс-қимыл қағидаттарын азамат­тардың мұқтаждықтарын қанағат­тандыру мәселесіне мей­лінше кәсіби тұрғыдан қарауды қамтамасыз ету үшін қайта қалыптау қажеттілігін айтты. Қазақстан Президенті 5 реформа және Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру жөніндегі барлық жұмыс оны бұқа­ралық ақпарат құралдарында тұрақ­ты түрде түсіндіру және жария­лап-көрсету ісімен қатар жүруі тиістігін атап көрсетті. Нұрсұлтан Назар­баев атап өткендей, рефор­ма­лар әрбір азаматты қамти­тын­дықтан, жұрт елдің қандай ба­ғытта дамып жатқанын білуі және оған белсене қатысуы тиіс. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сарапшылық қоғамдастық, азаматтық институттар қазірдің өзінде талқылаулар мен пікір­та­ластар арқылы Ұлт жоспарын жү­зеге асыру мәселесіне сындарлы ұсынымдар мен ұсыныстар енгізуі тиіс. Президенттің пікірінше, мұн­дай жұмысты орталықта ғана емес, өңірлерде де жүргізген жөн. Кеңес барысында жұмыс топтарының мүшелері Ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндама жасады. Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.