03 Сәуір, 2015

Қазақстанға мықты президент керек

309 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
IMG_3870 Кеше Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматыда қала активімен, студент жастармен, Алматы көпір құрылғылары зауытының жұмысшыларымен кездесіп, сондай-ақ, Елбасы жақтастарының мыңдаған адам жиналған форумына қатысты. Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, ғылым және шығармашылық интеллигенция өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, т.б. болды. Республика сарайына 3 мыңдай ал­ма­­тылықтар – Президенттің серік­тесте­рі, қоғам қайраткерлері, ардагер­лер, қа­ла­ның құрметті азаматтары, этномәдени бір­лестіктердің, жастар ұйым­дарының, ша­ғын және орта бизнес­тің өкілдері жина­лып, кезекті мәрте өздерінің Н.Ә.На­зар­баевты қолдай­тын­дықтарын білдірді. Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Үкімет төрағасы Сергей Терещенко актив барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың бар-жоғы 24 жылдың ішінде елдің жан басына шаққандағы ІЖӨ-сін 30-дан астам ретке ұлғайту қолынан келген аса көрнекті мемлекет қайраткері болып табылатынын атап көрсетті. Белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов Елбасының Қазақстанды пікірі әлемдік аренада үлкен салмаққа ие халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі жасағанын атап өтті. «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Нұрсұлтан Назарбаевтың ең басты еңбегі оның көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқын оның тұтастығы мен өсіп-өркендеуіне қол жеткізе отырып, біріктіре және соңынан ерте білгені екенін мәлімдеді. Қазақстан Қаржыгерлер қауым­дас­тығының төрағасы Серік Аханов Нұр­сұлтан Назарбаевты отандық қар­жы-эко­номикалық жүйесінің басты архитекторы деп атады. Сондай-ақ, Ел­басының сарабдал саясатының арқа­сында Қазақстанның қар­жы-эконо­микалық жүйесі бүгінде әлем­дегі ең мықтыларының бірі болып та­бы­латынын, осы себепті жаһандық дағда­рыстың аса ауыр салдарларына төтеп бере алып отырғандығын атап көр­сетті. «Белкамит» АҚ-тың бас директоры Нұрсұлтан Назарбаевқа өнеркәсіпшілерге қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін өзінің зор ризашылығын білдірді. «Елбасының өзі өндіріс саласынан шыққандықтан да бізді басқалардан жақсы түсінеді және жаңа кәсіпорындар құрып, жұмыс орындарын ашу арқылы дамуымызға үлкен көмек көрсетіп келеді», деп атап көрсетті Павел Беклемишев. Активке Қазақстан халқы Ассам­блея­сының мүшесі Асылы Осман қатысты. Белгілі ғалым және педагог Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқа­сында әр қазақстандық шығу тегіне және ұлтына қарамастан, өмірде үлкен та­быстарға қол жеткізу мүмкіндігіне ие екенін атап өтті. Асылы Османның пікірінше, бұл еліміздегі демократиялық даму деңгейінің басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев туралы атақты композитор Нұрғиса Тілендиевтің қызы жылы сөздер айтты. Белгілі және талантты дирижер Дінзухра Тілендиева Елбасына өнер мен мәдениет саласына көрсетіп келе жатқан әкелік қамқорлығы үшін шын жүректен шыққан ризашылығын білдірді. Күннің екінші жартысында Рес­пуб­ликалық қоғамдық штабтың мүше­лері Алматы қаласындағы ЖОО студент­терімен кездесті. Студенттер алдында сөз сөйлеген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова бүкіл әлем тұрақсыздық қамытын киген шақта Қазақстан бұрын-соңды болмаған «Нұрлы Жол» әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын «Мәңгілік Ел» рухани-адамгершілік ұлттық идеясымен бір мезгілде жүзеге асыра отырып, өзінің әлеуетін арттыра түсіп келе жат­қанын атап көрсетті. «Осының барлығы Қазақстан халқының көңіліне мақтаныш сезімін ұялатып, баршамызды топтастыра түседі және Елбасымен – заманымыздың әлемдік деңгейде мойындалған саяси көшбасшысымен бірге болашаққа қарай еркін адымдауға мүмкіндік береді!» – деді өзінің сөзінде Ж.Әубәкірова. Республикалық қоғамдық штабтың мү­шелері, сондай-ақ, Алматы көпір құ­рылғылары зауытының жұмысшы­лары­мен кездесті. Аталған өндіріс орнында 700-ден астам адам жұмыс істесе, онда Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастамашылық танытқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің қазақстандық бөлігінің құрылысы үшін жоғары сапалы темір-бетон бұйымдары шығарылады. Зауыт директоры Ахметжан Шар­динов кездесу кезінде былай деп атап көрсетті: «Біздің Елбасымыз қашанда халықпен бірге және әркез біздерді – жұмысшыларды қолдап, демеп келеді. Бүгін бізге де өзіміздің Президентімізді қолдау керек. Мен Қазақстанның барлық жұмысшылары қашандағыдай президенттік сайлауда біздің ортақ Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев үшін дауыс беретіндеріне сенімдімін!». Зауыт жұмысшылары, өз кезектерінде, Мемлекет басшысының еңбек адамына көрсетіп келе жатқан құрметі үшін ризашылықтарын білдірді. АКҚЗ-ның жұмысшысы Елена Новикова жақында зауыт ұжымы Елбасына президенттік сайлауға қатысу туралы өтінішпен ұжымдық хат жазғанын айтты. Адамдар өздерінің үндеулері Нұр­сұл­тан Назарбаевқа жеткенін білген­де шын көңілден қуанғандарын көлде­нең тартты. «Біздің жұмысшылар өздері­нің бұл әрекеттерін мақтан етеді және Ел­ба­сының президенттік сайлауда жеңіске жететініне еш күмән келтірмейді», деп мәлімдеді Елена Новикова. Республикалық қоғамдық штаб м­ү­ше­лерінің Алматыға жұмыс сапарларының алғашқы күні Елбасын жақтаушылардың форумымен аяқталды. Оған шамамен 5000-дай адам қатысты. Форумда «Нұр Отан» партиясы Сая­си кеңесі бюросының мүшелері Қуа­­ныш Сұлтанов пен Светлана Рома­нов­ская, Ауғанстан соғысы ардагер­лері қауымдастығының төрағасы Бақыт­­бек Смағұл, 2000 жылғы Сидней Олим­пи­а­да­сының чемпионы Ермахан Ыбы­райымов және Turkvision-2014 байқауының же­ңім­пазы Жанар Дұғалова сөз сөйледі. Алматылықтар Қазақстанға мықты президент керек деп мәлімдеді. Сон­дық­тан олар Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретін болады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.