Жуырда Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) Маңғыстау облысында жұртшылық өкілдерімен кездесу өткізіп, Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес ресурстарды үнемдеу және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында сумен жабдықтау қызметіндегі және электр энергиясын жеткізудегі дифференциалды тарифтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға ТМРА төрағасы Н.Алдабергенов, облыс және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің, сарапшылар кеңесінің, қоғамдық бірлестіктер, ПИК және табиғи монополия субъектілерінің өкілдері қатысты.
Жиында суды және электр энергиясын үнемді пайдалануға бағытталған, шикізат, материалдар шығындарының нормаларын оңтайландыру, реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерін орындауына бағытталған дифференциалды тарифтердің тетіктерін енгізу мәселелері, тариф құру және тарифті қолдануға қатысты талас тудырып жүрген мәселелер талқыланды.
Сумен жабдықтау қызметіндегі
дифференциалды тарифтер жөнінде
Бүгінгі таңда дифференциалды тарифтер тұтынушылардың топтары бойынша 14 өңірде енгізілген, соның ішінде Маңғыстау облысы да бар.
Дифференциалды тарифтерді енгізу нәтижесінде су арналары республика бойынша кірісті 12,5 млрд. теңгеге көбейтеді.
Табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар туралы заңнамаға 2010 жылғы наурыз айында енгізілген түзетулерге сәйкес ағымдағы жылдан бастап суды үнемдеуді қарастыратын тұрғындардың тұтыну көлемі бойынша сумен қамтамасыз ету қызметіне дифференциалды тарифтерді енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіле бастайды.
Жеке тұлғаларға арналған тұтыну көлемдері бойынша дифференциалды тарифтерді енгізуді іске асыру келесідей жоспарланады:
– 2010-2011 ж.ж. – дайындық кезең;
– 2011ж. – 2 деңгейлі толық енгізу;
– 2012-2013 ж.ж. – 3 деңгейлі тарифтер жүйесін енгізу.
Сонымен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сумен жабдықтау қызметіне ең көп таралған тарифтер Калифорния штатында, Қытай, Австралия, Сингапур, БАӘ-де 3 деңгейлі дифференция болып табылады.
Сонымен бірге Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, су ресурстарының қоры шектеулі: Қазақстанның жер асты су қорының көлемі 17,4 млрд. текше метр бола тұра, жылдық су тарту 1,3 млрд. текше метрді құрайды, жер үсті суының жылдық сарқыны 42,6 млрд. текше метр деңгейде бола тұра, жылдық су тарту 19,2 млрд. текше метрді құрайды.
“Тұтыну көлеміне байланысты суға дифференциалды тарифтерді қолдану суды артық шығындауды болдырмауға және тұтынушыны суды және өз қаражатын үнемдеуге ынталандырады”, – деп санайды ТМРА төрағасы Н.Алдабергенов.
Электр энергиясының дифференциалды тарифтері жөнінде
Агенттіктің қуат жинағының жұмыс нәтижесі 2008 жылы республиканың барлық өңірлерінде электр энергиясына тәулік бойынша енгізілген дифференциалды тарифтері және 2009 жылы елдің 15 өңіріндегі тұтыну мөлшерінің жағдайына байланысты болды.
Дифференциалды тарифтерді енгізу мақсаты – энергия тұтынуды үнемдеу және тұтынушылардың қаражатын үнемдеу.
Тәулік бойынша дифференциалды тарифтерді енгізудің экономикалық әсері, мысалы, Алматы қаласында 564 млн. теңгені құрады, Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін 5 млн. теңге болды.
Тұтыну көлемі бойынша дифференциалды тарифтерді енгізу әсері Астана қаласында 43 млн. теңгені құрайды, Алматы қаласы бойынша 240 млн. теңге, Маңғыстау облысы бойынша жылына 16 млн. теңге болады.
Қазір Қазақстанда тұтыну көлеміне байланысты электр энергиясына 2 деңгейлі тарифтер дифференциясы жұмыс істесе, әлемдік тәжірибеде тұтынылған электр энергиясына 3-тен 6-ға дейінгі төлеу деңгейі қолданылуда. Мысалы, Гонконг қаласында – 3 деңгейлі, Шанхай қаласында – 4 деңгейлі, Оңтүстік Кореяда – 5 деңгейлі, Египетте – 6 деңгейлі, БАӘ-де – 4 деңгейлі.
Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, дифференциалды тарифтер тетігін әрі қарай тереңдету үшін және қуат жинағына экономикалық ынта жасау мақсатымен 2010-2011 жылдары тұтыну көлемі бойынша электр энергиясына 3 деңгейлі дифференциалданған тарифтерді енгізу жөніндегі дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Стратегиялық жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде Агенттік орта және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) санын арттыру арқылы коммуналдық желілерді жаңғыртуды қарастыруда. Бүгінгі таңда 82 базалық ТМС ішінде орта және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша 21 ТМС жұмыс істеуде.
Сөйтіп, тұтынушылар үшін тұрақтылық және тарифтерді болжау, активтерді жаңғыртуға инвестиция бөлу есебінен қызмет сапасын арттыру қамтамасыз етіледі.
Қуат жинақтау бойынша жұмыс шеңберінде Агенттік электр, жылу энергиясы, газ және судың ысыраптарын төмендету және нормадан тыс ысыраптарын жою бойынша іс-шаралар жүргізуде. Сонымен, Маңғыстау облысында 2009 жылы нормадан тыс ысыраптар сумен жабдықтау саласында 100% жойылды, нормативтік ысыраптар 7,6% қысқартылды, электр энергиясы саласында нормативтік ысыраптар 1,1%, жылумен жабдықтау саласында 1,4% қысқартылды. Барлығы: нормадан тыс ысыраптар 178,503 млн. теңгеге, ал нормативтік ысыраптар 51,5 млн. теңгеге қысқартылды.
2010 жылғы 22 қаңтарда Елбасының қатысумен өткен жиынның хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында тұтынушылардың мүдделерін қорғау шеңберінде, табиғи монополия субъектілерінің есептерін қарастыру бойынша энергия генерациялау кәсіпорындарының инвестициялық міндеттемелерін орындау туралы жұмыс топтары құрылды. Соған байланысты Ақтау қаласында ТМРА облыс әкімдігімен бірлесе отырып, “МАЭК-Қазатомпром” ЖШС мен “МРЭК” АҚ-тың инвестициялық міндеттемелерін орындау туралы есебін тыңдады.
Сонымен қатар “МАЭК-Қазатомпром” ЖШС-ның электр энергиясына сараланған тарифтерін енгізу нәтижелері туралы, “Су өндіру және тасымалдау басқармасы” ЖШС-ның тұтынушылар тобы мен тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтеріне көшу туралы, “ТВСиВ” МКК-ға нормативтік ысыраптарын төмендету және нормативтен тыс ысыраптарын жою бойынша қолданылатын шаралары туралы табиғи монополия субъектілерінің баяндамалары тыңдалды.
“Егемен-ақпарат”.